Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мемлекеттік бюджет
Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық
Рашидова Аманкул

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік бюджет
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға түсінікті түрде мемлекеттік бюджет, салық, бюджеттің табысы мен шығыны түсінігін ашып көрсетіп, оған сипаттама беру.
2. Мемлекеттің экономикаға қатысуының неден көрінетінін түсіндіру.
3. Мемлекеттің қоғам үшін көрсететін игіліктерін үнемді, ұқыпты етіп пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Диалогтық әңгімелесу, практикалық жұмыс барысында ситуациялық жағдайларды шешу оқушыларды аралас экономикада кейбір экономикалық сұрақтарды мемлекет шешеді деген ойға әкелу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.

Сабақ барысы:
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау
3. Үй жұмысын тексеру

Мұғалім сөзі: Ал балалар, мен сендерге бүгінгі сабақты Қазақстан Республикасының президентінің 2014 жылғы 17 - қаңтардағы халыққа жолдауындағы бесінші бағыт бойынша айтылған тапсырмаларымен таныстырғанды жөн көрдім.
Бесінші бағыт.
Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Бизнесті дамыту үшін оған кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан - ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.
Ал енді осы жолдаудағы тапсырмаларды орындау үшін біздің президентіміз бізге Астана – Қызылорда поезымен тапсырмалар беріп жіберіпті. Сол тапсырмаларды орындап көрейік. Бұл тапсырмалар үй жұмысына берілген сұрақтарға байланысты екен.

Үй жұмысы:
Білімді жан жақты тексеру. Сұрақ – жауап кезеңі
1. Тауарлар мен қызмет көрсетуді сататын адам кім?
2. Сауда дегеніміз не?
3. Сауданың неше түрі бар?
4. Ішкі сауда дегеніміз не?
5. Сыртқы сауда дегеніміз не?
6. Экспорт дегеніміз не?
7. Импорт дегеніміз не?
8. Квота дегеніміз не?
9. Баж салығы дегеніміз не?
10. Қазақстан қандай тауарлар мен қызмет көрсетулерді экспорттайды?
11. Қазақстан қандай тауарлар мен қызмет көрсетулерді импорттайды?
12. Экономиканың түрлерін ата.

Жаңа сабақты түсіндіру:
1кезең: Алдарыңа берілген мәтіннің әр сөйлемін оқи отырып,
INSERT әдісін қолданамыз, және әр сөйлемнің соңына мына белгілерді қойып шығамыз
“V” “білемін”,
“―” “мен үшін түсініксіз”,
“+” “мен үшін жаңа ақпарат”,
“?” “мені таң қалдырады”
Мемлекет қоғамдық игіліктерді құру, ғылыми зерттеулерді жүргізу, әлеуметтік бағдарламалар мен тағы басқа қандай көп ақша қаражаттарын жұмсайды және ол ақша қаражаттарын қайдан алады? Мемлекеттің ақша ресурстарының көзі – ең алдымен азаматтармен фирмалардың табысы мен мүліктеріне салынатын салық. Мемлекеттің өз ақшасы жоқ. Нарықтық экономика кезінде ол салық төлеушілердің ақша қаражаттарын пайдаланады. Мемлекет игілігіндегі барлық ақша қаражаттарының жиынтығы қаржы деп аталады. Егер ата аналарың сендерге күніне 100 теңгеден ақша беріп отырса, онда ол ақша сендердің қаржыларың деп аталады. Әр апта сайын сендерге қанша ақша және неге жұмсау керектігін сендер жоспарлап отырасыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама