Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жезқазған қаласы №10 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досмаганбетова Жумакул Абсаматовна

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жай сөйлемнің түрлері (8- сынып)
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет
бере отырып, тілдік құзіреттілігін дамытуға жағдай
жасау, жай сөйлемнің түрлеріне шолу жасау.
Сабақтың міндеттері:
•Мемлекеттік рәміздер тарихынан мағлұмат алады.
•Тақырып бойынша топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алады.
•Ойларын жеткізе біледі.
•Жай сөйлем түрлерін ажырата алады.

І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы

•Қазақстан қандай мемлекет?
•Қазақстан Республикасының Президенті кім?
•Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

ІІ. Мағынаны тану сатысы
«Түртіп алу» стратегиясы
1. Сөздерді оқып жаттығыңдар
Рәміз – символ
қолдану – пременять
мән – значение
ең алғаш – впервые
пайда болу – появиться
адалдық – справедливость
тазалық – честность
билік – власть
шекара – граница
шексіз – бескрайний
Мәтінмен жұмыс

«Мемлекеттік рәміздер тарихынан» тақырыбындағы мәтінді оқи отырып, белгімен жұмыс жасайды, орыс тіліне аударады.
«V» - білемін «-» білмеймін «+» жаңа мәлімет «?» тереңірек білгім келеді
Оқушы жұмысы тыңдалады.
«Жұптасыңыз, талқылаңыз, ортаға салыңыз» стратегиясы
Оқушылар жұптаса отырып (121 - тапсырманы орындайды) берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударады, сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрайды немесе сурет салады.
•Ең алғаш, көне ту, латын тілі, гералдина ілімі зерттейді, туымыздың түсі, көк түсті, жоғары баға берген, күн бейнесі, ұшқан қыран, ою өрнек.
Жұп пікірі тыңдалады.

2.«ДЖИКСО-1» стратегиясы
1-топ
1. Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңыздар
Міндеті /сыйлау-/ әрбір адамның /мемлекеттік рәміздерді.
2.Құрастырылған сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем?
Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
2-топ
1.Тудың пайда болу тарихын айтыңдар?
2.Көп нүктенің орнына бастауышты қойып жазыңдар
... ертеден келе жатқан мемлекет белгісі.
3-топ
1. Геральдика деген не? Оның негізін салушы кім?
2.Төбемізде желбірей бер, туымыз!
Берілген лепті сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдырыңыздар.

4-топ
1. Біздің туымызда не бейнеленген?
2. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? сөйлемді хабарлы,
бұйрықты сөйлемге айналдырыңдар.

Топ пікілері тыңдалады.
ІІІ. Ойтолғаныс сатысы
«Ойтолғау»
1.«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің қасиетті белгісі»

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіздер
•Ұлттық ою-өрнек қайда бейнеленген?
а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту
•Шұғылалы күн қайда орналысқан?
а) тудың ортасында ә) Елтаңбада б) тудың сабында
•Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?
а) ту ә) Елтаңба б) Әнұран
Кері байланыс парағы толтырылады.

Үйге тапсырма: Мемлекеттік рәміздер тарихы. (іздену)
«Қазақстан» өлеңін жаттау, 1.2.5 тапсырма: сөйлем түрін
анықтау, салыстыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама