Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мемлекеттік тіл – тұғыры биік тұрақтылықтың негізі
Мемлекеттік тіл – тұғыры биік тұрақтылықтың негізі

Тіл құдіреттілігі - ел құрметінде. Тіл бар жерде ел бар, ел бар жерде тіршілік бар, тілдік қарым қатынас бар. Тіл – қатынас пен пікірлесудің құралы. Біз тілсіз соқырмыз, түсінігіміз болмайды, керең сияқтымыз. Барлық ақпаратты біз тіл арқылы алып отыратынымызға ризамыз. Соның ішінде қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілдің қажеттігі ауадай десем жаңылмаймын. Егер бізге үлкен бір қомақты тапсырма берілсе, оны тіл арқылы түсінеміз, ол түйсіктің іргетасы. Онан соң кірпіш қаланып, ғимарат бой көтереді. Өмірдің өзі осындай іргетастан бастау алады. Әр халықтың өз тілі болады. Оны сүйіп, қорғайды.

«Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден - бір барымызда, нарымызда» деген елбасының салиқалы сөзінің жаны бар.. Елдің ертеңі мына жастар мен біздер. Бүгінде жастар саяси сауаттанып, қоғамдық шараларда белсенділік танытуда. Алайда елім деп тұрған ерлерді елейтінде ел керек. Осыдан шығатын қорытынды еліміздегі барлық істің бастауын – мемлекет жоғарыдан бастауы тиіс. Мемлекеттік тілге құрмет – бұл елге құрмет! Осыны әр халық қалаулылары өз ұстанымдары етіп алулары керек. Қай ортада болмасын мемлекеттік тілде сөйлесе сол ортада оны қолдайтын халықта ашық және жанама түрде байланысқа түсіп, оған деген сенім де нығая түсері анық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болған қазақ тілі біздің елімізде кең етек жаюда. Қазақ тілі - ең бір әдемі де көркем тіл. Ол түрік тобына жататын бай тіл. Ол жан - жақты қалыптасқан, тарих соқпағынан өткен керемет тіл - Ана тілі – қазақ халқының байлығы. Оның өткені мен осы бүгінгісі және келешегі. Тек тіл ғана халықтың, ұлттың және елдің негізі бола алады.

Ешбір ақын өз тілі туралы мақтанышты жырлар жазбай қоймаған. Қай кезде біз тіл туралы айтар болсақ, оның ерекшеліктеріне мән береміз. Сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет....
Әр уақытта қолда бар алтынның қадірін бағалай білуге тиіспіз. Бұл алтын, байлық – біздің ана тіліміз. Өз ана тілін білмейтін адам, ана сүтімен оны бойына сіңірмеген жан өзін де құрметтемейді. - Көп тіл білген жақсы ғой, Сіздің оған көзқарасыңыз қандай?

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев былай деп айтқан: «Әрбір оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқанда үш тілді біліп шығуға тиіс. бірінші рет – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, одан соң орыс тілі мен ағылшын тілі». Біз мектеп қабырғасында үш тіл үйренеміз. Мұның маңызы үлкен. Мен мұны қолдаймын. Алған білімімізді колледждер мен ЖОО орындарында тереңдетеміз. Осы бағытпен ары қарай өркендей береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама