Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Карасаева Сулушаш

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты.
Сабақтың мақсаты: 16 желтоқсан мерекесін негізге ала отырып, бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Жалпы өнерді құрмет тұту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Топтық сайыс, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Ұран сөздер, слайд суреттер.
Құрал – жабдықтар: Қағаз, қарындаш, бояулар, интерактивті тақта

Сайыстың барысы: 1. Ұйымдастыру
А) амандасу
Б) топтарды ортаға шақыру

Мұғалім: Армысыздар, қадірлі қонақтар мен оқушылар! Бугінгі 4 - сыныптар арасында өтетін бейнелеу пәнінің «Жас суретшілер» сайысына қош келдіңіздер!
Сәлем бердік баршаңызға ізетпен,
Ерекше бір күштілікпен, құрметпен.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Ортаймасын бақыт, қуаныш берекесі!
Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік, ел жадында қалған кун!- демекші бейнероликтен үзінді көрейік.

Мұғалім: Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық. Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
Бес топ сайысқа түседі.
І топ. «Қарындаш»
ІІ топ. «Бояулар»
ІІІ топ. «Субояқтар»
ІV топ. «Қылқалам»
V топ «Палитра»
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер
Кез келді өзін - өзі таныстырар, - дей келе, сайысқа түскелі отырған топпен танысайық.

1. Таныстыру (әр топ басшысы өз тобын таныстырады)
Мұғалім: Жарыста озып шығар жүйріктері,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді
Қанеки, өрендерім сайысқа шық,
Таң қалдыр біліміңмен көрерменді

2 - бөлім.«Оқу - білім қазығы, білім - өмір азығы,(бұл бөлімде 5 топ пән бойынша сұраққа жауап береді)
Мұғалім: Ән салып, би билеймін деп қысылма,
Сурет салып, өлең жазар өнер болса қолыңда,
Қандай өнер болса - дағы өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар әрқашанда жолында.

3 - бөлім. «Көңілді бояулар» (Бұл бөлімде әр топтан бір оқушыдан шығып, табиғатқа байланысты сурет салады)
Мұғалім: Кім тапқыр балақан?
Ойлан, тез тек жылдам.
Бейнелеудің қай түрі
Тақтада бұл тұрған

4 - бөлім Кім тапқыр? (тақтаға бірнеше суреттер ілінген, бейнелеу өнерінің қай түрінен екенін айтып береді)
Мұғалім: Кім жылдам табады?
Заттардың бейнесін
Бір - бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім
Быт - шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам?

5 - бөлім. «Кім шапшаң, кім жылдам?» (қиылған суреттерді құрастырып, қандай бейне екенін табу)
Мұғалім: Ойлан тап балақан?
Түрлі - түрлі түстер көп,
Турлі - түсті сүйеміз,
Түрлендіріп жүреміз.

6 - бөлім. Ойлан, тап! (сөздерден түс аттарын шығару)
Мұғалім: Көгере бер, көркейе бер, өсе бер
Өмір жолы еңбекпенен шешілер,
Шыңға шығар шынар болып шынайы
Кездеспесін ешқашанда кесірлер,- деп, бүгінгі сайысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілей отырып, сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңген топты марапаттайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама