Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Мен елімнің кішкентай азаматымын
Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай азаматымын
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Отанға деген ел туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Отан сүюге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия

Шаттық шеңбер
Жайлауымдай жазықпын
Өзенімдей өршілмін
Гүлдерімдей нәзікпін
Қуат алған өзіңнен,.
Әңгімелеу
«Менің отаным»
- Бекжанның басқа балалардан қандай ерекшелігі бар?
Қалай ойлайсыңдар, Бекжанның ерекше сезімге бөленуі неліктен?

Дәптермен жұмыс.
Берілген дәптердегі суретті салыңдар.
Сергіту сәті
Қимыл - қозғалыспен көрсету.
Ғажайып сөздер.
Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Менің Отаным - Қазақстан
Мен елімнің азаматымын

Жүректен - жүрекке.
Балалар шеңберге тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, ҚР мемлекеттік әнұранын айтады.
Қолдарын көтеріп құшағын жайып, қимыл - қозғалыспен жасайды.
Балаларға әңгімелеу
Дәптермен жұмыс жасалады.
Сергіту сәті жасалады
Балалар сөздерді айтады.
Балалар өте жақсы қатысты
Балалар мадақталды.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мен елімнің кішкентай азаматымын.
Игереді: Балалардың қызығушылығын арттыру.
Меңгереді: Сүйем сені туған өлкем.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы,
"Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Дощимова Жемісхан Қаратонқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама