«Мен және мамандықтар әлемі»
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным»
Бөлімі:
Тақырыбы: «Мен және мамандықтар әлемі»
Мақсаты: 1) Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2) Сурет бойынша берілген тапсырмаларға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту. Логикалық есептерді шығаруға, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3) Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Әдіс – тәсілдері; слайд, мамандықтар киімі, демонстрациялық көрнекіліктер, бинго.
Билингвальды сыңары: мамандық – профессия, дәрігер - доктор, полиция - полиция қызметкері, робототехник - робот технигі, сәнгер - дизайнер
Күтілетін нәтиже:
Біледі: мамандыққа еңбек, білім арқылы жетуге болатынын
Меңгереді: әрбір маман иелерінің қажет екенін
Жасай алуы: логикалық есептерді шеше алады.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Сейткеримова Гүлжан Асылхановна
Бөлімі:
Тақырыбы: «Мен және мамандықтар әлемі»
Мақсаты: 1) Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2) Сурет бойынша берілген тапсырмаларға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту. Логикалық есептерді шығаруға, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3) Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Әдіс – тәсілдері; слайд, мамандықтар киімі, демонстрациялық көрнекіліктер, бинго.
Билингвальды сыңары: мамандық – профессия, дәрігер - доктор, полиция - полиция қызметкері, робототехник - робот технигі, сәнгер - дизайнер
Іс – әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушы Ұйымдастыру - шылық ізденуші | Шаттық шеңбер Балалар, келген қонақтармен және бір - бірімен амандасады. I. Психологиялық дайындық: Тәуелсіз жаңа заманда, Сұраныс көп маманға. Нағыз маман пайдалы, Мемлекет, қоғам, адамға. II. Жаңа сабақ: Еңбек етсең ерінбей, Абыройыңды асырған. Бірақ өзі көрінбей, Бізден бойын жасырған. Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біз жай ғана балабақша балалары емеспіз, біз бүгін бір - бір мамандық иесі болып тұрмыз. - Ал, қалай ойлайсыңдар. Қазіргі кезде, қай мамандық ең мықты. Балалар: - Дәрігер ең мықты. - Өйткені, бірінші байлық денсаулық. 2бала: - Полиция ең маңызды. - Өйткені, бұзықтықты болдырмайды. 3бала: Менің ойыма - Сәнгер ең мықты. - Өйткені, сұлулық әлемді құтқарады. 4бала: Менің ойымша, - IQ технологиясы өте мықты. - Өйткені, хабарды игерген, әлемді игереді. Тәрбиеші: Жарайсың балалар. Балалар, мамандық иесі болу үшін, жай ғана ойын киімін кие салмаймыз. Ол үшін бізге білімді, тапқыр және мамандықты дұрыс таңдай білу керекпіз. Олай болса, ойын тапсырмаларды орындап, білімді екенімізді дәлелдеп берейік. Ойын: «Өз орныңды тап» Шарты: Шаршыны айнала мысалдар бар. Әр маман шаршыны лақтырып, оның жауабын тауып, соған байланысты сандарды тауып орналасады. Ал қәнекей, біз төрт топқа бөлініп отырдық. Ойын: «Бинго» Шаршы: Балаларға суреті бар қима қағаздар таратылады. Өзге мамандық құралдарын сызады, құралдарын бәрін тауып үлгергенде «Бинго» деп айтып өткізеді. - Керемет, тапқыр екенсіңдер. Әр мамандық иесі, ұшқыр ойлы болуы керек. Ол үшін логикалық тапсырмалар орындауға шақырамын. Ойын: «Логикалық есептер» Сәнгер шыршаны безендіреді. Полиция машинаны жөндейді. Дәрігер «Емханадағы дәрігерді толтырады» IQ технологиясы роботты құрастыру үшін мысалды шығарады. Ал іске сәт! Қәнекей, Дәрігерлер «Дәрігер» сөзі қай дыбыстан басталып тұр. - Тағы қандай сөздер білесіңдер. - Ия, ойлай дәрігер, дарынды болу керек. «Дарын» сөзін құрастырып шығамыз. - Ал, Роботтехника қандай дыбыстан басталады. Олай болса робот сөзін құрайды. Полиция қызметкерлері «Парақ», ал сәнгерлер «Сағат» сөзін жазып шығады. Бұл ойынды денемізді шынықтыра отыра жасаймыз. Ойын: «Кім жылдам?» Шарты: Музыка әуенімен балалар әріптерден сөздер құрастырады. Балалар 4 қатарға тұрады. Балалар денемізді шынықтырып алдық. Осы кезде Лола қуыршақ келеді. - Саламатсыздарма, балалар! Маған көмек керек, жолда келе жатып құлап қалдым. Енді өзімнің кім екенімді, қайда бара жатқаным есімде жоқ. Тәрбиеші: Ал мамандар, осы жерде өз көмектеріңді көрсететін уақыт келді. - Бұл қуыршақ кім, қайда бара жатыр. Кім тез біліп береді екен. Осы кезде технология мамандары келеді. Бала: - қорықпаңыз, сіз туралы тез хабар жинадық. Сіз, Лола қуыршақсыз. №13 бөбекжайға бара жатқан екенсіз. Лола: Ия, ия есіме түсті. Рахмет сіздерге. Басым ауырғаны қояр емес. Бала: Тез арада дәрігер шақырайық. - Алло дәрігер керек. Дәрігер: - тыңдап тұрмын. - Тез арада №13 бөбекжайға жетіңіз, Лола қуыршаққа көмек керек. Дәрігер жылдам жетеді. Дәрігерлер Лоланы тыңдап көреді. Дәрігер: - жақсы болдыңыз ба? Лола: - ия, рахмет сіздерге. Менің қолымда қол дорбам бар еді, кім алды, қайда кетті. Дәрігерлер полиция қызметкерлерін шақырады. Дәрігер: - Алло, бұл полиция бөлімшесі мекен? Біздің Лола қуыршағымызға көмек керек. Тез жетіңіздер. Полиция қызметкерлері келеді. - Лола қуыршақ, қайда келе жатыр едіңіз? - Сағат қаншада жолға шықтыңыз. Ж. Алихан: Сіз қорықпаңыз, уайымдамаңыз, сіздің қолдорбаңызды табамыз. Лола: - Құлап, міне киімімді былғадым, шашымды да құрттым. Полиция: - Сізге сәнгерлер керек, түріңізді де, киіміңізді әдемілеп жібереді. Сәнгерлерді шақырады. - Алло, сән салоны ма, бізге керемет сәнгерлер керек. Сәнгерлер келіп Лола қуыршақты сәндейді, шашын жөндейді, киімін реттейді. Сәнгер: - Міне, сіз сұлу болдыңыз. Енді, қонаққа баруға болады. Лола: Рахмет, балалар. Кішкентай мамандар. Келешекте мықты маман болатындарына сенімдімін. - Қап, тек қол дорбам қайда екен. Полиция қызметкерлері жүгіріп келеді. - Қол дорбаңызды тауып келдік. Лола қуыршақ дорбасын алып, тәрбиешіге береді. - Осы дорбаны сізге беремін. Сау болыңдар балалар. Тәрбиеші: - Балалар, сендер әр мамандықтың адам өміріне маңызды екенін білдіңдер. Келешекте, мамандықты дұрыс таңдай білсеңдер, мақсатқа жетесіңдер. Ал енді, мықты маман болу үшін, білім керек. Ал, балалар Лола қуыршақ сендердің еңбектеріңе риза болып өзінің сыйлығын тастап кетті. Қәне, бұны ашпас бұрын еңбек туралы мақалдарды еске түсірейік. «Мен бастаймын, сендер аяқтаңдар» Еңбек етсең ерінбей, Еңбек бәрін, Еңбектің наны тәтті, | Мамандық Дәрігер - Д Дәрі Дарын Доп - Р Робот Балалар өз беттерінше, сөз жазып шығады Балалар бойларын сергітіп алады Тояды қарның тіленбей жеңбек жалқаудың жаны тәтті |
Рефлексия | Лоланың сыйлығын тарату, балаларды мақтау, мадақтау. |
Біледі: мамандыққа еңбек, білім арқылы жетуге болатынын
Меңгереді: әрбір маман иелерінің қажет екенін
Жасай алуы: логикалық есептерді шеше алады.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Сейткеримова Гүлжан Асылхановна