Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мен өз Отанымның патриотымын
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мен өз Отанымның патриотымын»

Фан - фара
Гимн
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, өз Отанымның патриотымын!
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

1 - жүргізуші: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Ән «Алға, Қазақстан» орындайтын 8 «Ә» сынып оқушылары
2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 «А», 8 «Ә» сыныптары дайындаған «Мен өз Отанымның патриотымын» атты ашық тәрбие сағатымызды ашып беруге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ------------------- апайға сөз береміз.

1 - жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді. Келесі тамашалайтындарыңыз
Ән «Қазақ қыздары» орындайтын 8 «Ә» сынып оқушысы ----------------- қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші: Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Сыныптарымыздың өздеріңізге арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші: Отан - тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз - халқың.
Отан – өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Көрініс: «Ата мен немере»

2 - жүргізуші: Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Ән «Қазағым» орындайтын 8 «Ә» сынып оқушысы -------------

1 - жүргізуші: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Хор: «Отан»

2 - жүргізуші: Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол - тынысы
Кең жазира даламның.
Би «Қазақ биі» орындаған «Сәулем - ай» бишілер тобы.
Ән «Көк тудың желбірегені» орындаған 7 «А» сынып оқушысы -------------------
Мұғалім сөзі: Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Қожахметова Нұрбала апайға береміз.

ОҚО, Мақтарал ауданы, Қазыбек би а/о, Таубай ата ауылы
«№9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі»
Мұғалімі: Тулеметова Нағима Умирзаховна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама