Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мен қандай ұстазбын (эссе )
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» (Альберт Эйнштейн)

Эссе
Мен қандай ұстазбын?
Менің ойымша өз алдыма мен қандай ұстазбын деген сұраққа жауап берудің алдында Мен қандай ұстаз болуым керек? деген сұрақ туындайды.
XXI ғасыр - қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім».

Бұрынғы дәстүрлі сабақ беру әдісіме қарасам: мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отырады. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушының жауаптарын қайталап және мадақтап ажырататын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. / Мұғалімге арналған нұсқаулық. 39 - бет /

Менің білім беруге деген ұстанымым мүлде өзгерді. Шеберлігімізді шыңдау барысында Кембридж университетінің білім берудегі жаңаша әдіс тәсілдері өте тиімді екеніне көзіміз жетті.
Қазіргі таңда мен сабағымды оқушыларды іс әрекеттесуі барысында сын тұрғысынан ойлана алатындай, бірін бірі тыңдап ой пікірлерімен бөлісе, бағалай алатындай сабағымды жоспарлаймын. Сондықтан қазіргі уақытта мұғалім өзі сын тұрғысынан ойлана алатын, басқада ұстаздармен іс әрекеттесіп өзінің кемшіліктерін түзете алатын, алдағы сабақ жоспарларын үнемі оқушыларға тиімді етіп қайта жоспарлап жүретін ұстаз, көшбасшы болуы қажет деп ойлаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама