Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Мен қазақша сөйлеймін
Сабақтың тақырыбы: Мен қазақша сөйлеймін

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, сурет бойынша мәтін құрауға үйрету, білімдерін одан әрі толықтыру.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенің аңғарту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, интерактивті тақта, слайд
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар қауымы, оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер үшін үлкен мереке. Осы мерекемізді әнұранмен байтаймыз.
Әнұранды орындау

Жүргізуші: Құрметті бүгінгі қонақтар, оқушылар алдымызда үлкен мейрам келе жатыр. Ол -"Тәуелсіздік күні". 14 желтоқсан - Қазақ тілі күні. Олай болса бүгінгі сабағымызды осы айтулы күндерге арнаймыз.
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Әділ - қазыларды таныстырайық.

Сабақ 5 бөлімнен тұрады.
1 – бөлім. Таныстыру
ӘР топ өздерін таныстырады
Жүргізуші; Мағынасыз сөз болмайды,
Мақалсыз ел болмайды - дегендей келесі бөлім

2 - бөлім. Мақал - мәтелдер сайысы.
Оқушылар мақал – мәтелді аяқтап жазу керек.
1. Туған жер -.......(алтын бесік)
2. Өз елім -........(өлең төсегім)
3. Отан отбасынан....(басталады)
4. Тіл -... (көңілдің кілті)
5. Өзге тілдің бәрін біл,
Өз ... (тіліңді құрметте)
Оқушылар өз мақал - мәтелдерің айтады.

3 - бөлім. Сұрақтар.
Оқушылар Қазақстан, Астана, Рәміздер тақырыбы бойынша сұрақтар таңдайды.
Қазақстан тақырыбы бойынша
10. өнер,
20 – Қазақстан қандай мемлекет?
30 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
40 - Қазақстан тәуелсіздігің қай жылы алды?

Астана тақырыбы бойынша
10 - өнер,
20 - Қазақстанның екінші астанасы қай қала?,
30 - 1929 - 1997 жылдардағы қазақстанның астанасы?
40 - Қай жылдан бері Ақмола еліміздің астанасы болды?

Рәміздер тақырыбы бойынша:
10 - Туда не бейнеленген. Олар ненің белгісі?
20 - бейне сұрақ мынау кім?
30 - Елтаңбада не бейнеленген? авторлары кім?
40 - Қазақстанның рәміздерін ата, қашан қабылданды?

4 - бөлім
Кім көп сөз табады?
Қазақстандықтар
Жүргізуші: Айтып кеткен ақылдылар
Өз Отанын сүйерін.
Жазып кеткен жазушылар
Тілге арнаған тілегін.
Енді Отан, тіл туралы өлең жолдарына көрермендерге кезек берейік

5 - бөлім
Сурет бойынша әңгімеле
● АСТАНА
● ӨСКЕМЕН

Жүргізуші: Елім менің әні мен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Әділ қазыларға сөз беріледі. Оқушылар марапатталады

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама