Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мен қазақтың қызымын
Мен - қазақтың қызымын!
Мен - қазақтың қызымын, байлығымын.
Ата - анама күш беретін айбынымын.
Ойласам тәуелсіз елім қазағымды,
Ұмытылар бойымдағы қайғы - мұңым.

Мен - қазақтың қызымын, ұланымын.
Биікке самғап ұшар қыранымын.
Әлия, Мәншүк апамызды ұран еткен,
Мен елімнің мақтанышы жыр - әнімін.

Мен - қазақтың қызымын, ұлымын да.
Өз тағдырым мына менің құзырымда.
Елі үшін өз жандарын құрбан еткен,
Жүрек жұтқан батырлардың жүзі мұнда.

Мен - қазақтың қызымын, алтынымын.
Еркелеген елімнің жарқынымын.
Жетелейтін елімді мен болашаққа,
Алға қарай ұмтылар қарқынымын.

Мен - елімнің жайнап өскен гүлімін.
Көктем шықса ерте ашқан бүрімін.
Байтақ елім қазағымның жерінде,
Өмір сүрген адамдардың бірімін.

Мен - қазақтың қызымын, жақұтымын.
Қуанышқа шашылатын бақытымын.
Баласы кеткенде ұзақ сапарларға,
Анасының сақтап қойған сарқытымын.

Мен - қазақтың қызымын, ақынымын.
Елім үшін ең алғашқы жақынымын.
Баласы шапса бәйгелерде, үйде отырып,
Анасының қысатын тақымымын.

Мен - қазақтың қызымын, ұрпағымын.
Қиындықты ойласам қорқады үнім.
Тәуелсіздік тұғырын биік ұстап,
Қазағымның әнұранын шырқарымын.

Мен - қазақтың қызымын, тасқынымын.
Ерекше боп шығатын басқа үнімін.
Шаршағанда құлайтындай мамыққа,
Мен дағы қазағымның жастығымын.

Мен - қазақтың қызымын, көктемімін.
Есте қалар мәңгілік өткенімін.
Өлеңдерім тамсандырып барлық жанды,
Жырлар мәңгі өзіңді төкпелі үнім.

Мен - қазақтың қызымын, ағынымын.
Кей кездері көрінетін сағымымын.
Жарып шығып бұлт көздерін мен дағы,
Сәуле төгер мәңгілік жарығымын.

Мен - қазақтың қызымын, шуағымын.
Бір бұрышын жамаған құрағымын.
Биік таудан бастау алып ағатұғын,
Тұп - тұнық мөлдіреген бұлағымын.

Мен - қазақтың қызымын нәзік жанды.
Өлеңдерім шумақталып бетке тамды.
Нәзік, сұлу аруларды мен жырласам,
Елжіретер кез келген әрбір жанды.

Мен - қазақтың қызымын, құндызымын.
Жымыңдаған аспандағы жұлдызымын.
Адам бол деп өсіріп, ер жеткізген,
Мен дағы ата - анамның ұл - қызымын.

Мен елімнің күнімін жарып шыққан.
Әрқашан қазағымның жанын ұққан.
Жарқырап нұр төгетін бәрімізге,
Мен дағы алтын күнді жанай ұшқам.

Мен - қазақтың қызымын, еркесімін.
Асыр салып ойнайтын серкесімін.
Көктем шықса төселетін жер бетіне,
Жап - жасыл көгалдағы көрпесімін.

Мен - қазақтың қызымын, туғанымын.
Ақыл - ойды қоржыныма буғанымын.
Тек қана жақсылықты жинап алып,
Жамандықты қазағымнан қуғанымын.

Мен - қазақтың қызымын, қара көзді.
Ақылменен айтатұғын барлық сөзді.
Қайғы менен қуанышты көтеріп,
Қазағым барлығына бірдей төзді.

Мен - қазақтың қызымын, тұлпарымын.
Биіктерге ұшатын сұңқарымын.
Талай ақын жырлаған сұлуларды,
Мен дағы қазағымның іңкәрімін.

Мен - қазақтың қызымын, қызығымын.
Ата - әжемнің ерке тотай бұзығымын.
Ал бүгінде ару болып ер жетіп,
Нәзік жанды, сұлу болып сызылды үнім.

Мен - қазақтың қызымын балдай тәтті.
Әрқашан да жақтаймын ақты, пәкті.
Қазақ елін жырлау үшін мен бүгін,
Ұзақ күттім өмірімде осы сәтті.

Мен - қазақтың болашақ кемеңгері.
Алға қарай ұмтылып келем енді.
Өмірге келген кезде маңдайыма,
Жазылған тағдырыма көнем енді.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің
3 - ші курс студенті Әміржанова Меруерт Сабыржанқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама