Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мен "KAZsport" телеарнасын қараймын
Сабақтың тақырыбы: Мен "KAZsport" телеарнасын қараймын
Мақсаты: Оқушыларға "KAZsport" телеарнасы туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру.
Негізгі дереккөздер мен ресурстар:
АКТ, бағалау парағы, стикерлер, маркерлер, бейнероликтер, таныстырылым, маркерлер, таратпа материалдар, смайликтер.
Күтілетін нәтиже: "KAZsport" телеарнасы туралы мағлұмат алады.
Негізгі идеялар: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. «КТК» телеарнасы 1991 жылдан бастап жұмыс істейді. «Хабар» агенттігінің алматылық филиалы «Хабар» телеарнасы 1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды.
"KAZsport" телеарнасы 2013 жылдың 1шілдесінен хабар тарата бастады.
Дереккөз: С. Жұманова 8 сынып оқулығы
Әдістер:
«Миға шабуыл»
Топтық жұмыс.
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Сұрақтармен жұмыс жасау
3 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1 - тапсырма. Спорт сөзіне ассоциативтік қатар құраңдар.
2 - тапсырма. Спорт сөзінің мағынасын ұғыну.

4 - тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну.
Менің атым - Марғұлан. Мен теледидардан "КAZsport" телеарнасын көремін. "KAZsport" телеарнасы 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап хабар тарата бастады. Таратылатын хабарлардың 70 пайызы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Олардың негізгісі - елімізде кең қанат жайған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық бәсекелер. Теле көрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. "KAZsport" телеарнасында қазақстандық жанкүйерлер ,Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншілік терін тікелей эфирде көре алады. Атап айтсам, олар: қазанда өткен Жазғы Универсиада, теннистен әлемнің қас шеберлері жиналатын "Australian Open", "Roland Garros", дзюдодан өткен әлемдік Гран - при турнирлері, Инчхонда өткен Азия ойындары, ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты. Біз үй ішіміз бен кәсіпқой бокста қазақстанның атын әлемге танытып жүрген Геннадий Головкиннің жекпе - жегін тікелей көрсетілімнен қараймыз.
Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында "KAZsport" телеарнасы қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы", "Еуразия барысы" сияқты айтулы додаларды тікелей эфирде көрсетті. Мен KAZsport" телеарнасын қараймын, өйткені өзім спортты жақсы көремін.

5 - тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрып, мәтінді мазмұндау.
6 - тапсырма. Берілген етістіктерді өткен шақтың болымды/болымсыз түрінде жазыңдар.
Етістіктің ережесін қайталап өту
Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап беру.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 120 бет 7 - тапсырма

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама