Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мен саған есірткі жайлы  айтып беремін

Өмір кез-келген адамға берілген үлкен сыйлық. Сол өмірді мәнді де мағыналы қылып өткізу әр адамның қолында. Ата-анамыз бізді өсіргенде  он екі мүшесі сау,қоғамға пайдалы азамат болсын деп болашағымыздан зор үміт күтеді.Алайда қоғамда әр түрлі жағдайларға байланысты  ел арасында зиянды әдеттерге есірткіге тәуелді адамдар саны өсіп келеді. Есірткі адам өміріне үлкен кері әсерін туғызады. Мен саған есірткі жайлы айтып берейін;

«Дені саудың жаны сау»деп қазақ бекер айтпаса керекті.Есірткі ең алдымен адамның ең қымбат қазынасы денсаулығынан айырады.

Есірткі кез-келген адамды жақындарынан айырып,танымайтын қалге жеткізеді.Себебі,есірткіге тәуелді адамның денсаулығы ғана емес бүкіл мінез- құлқын,жеке қасиеттерін өзгертеді.

Есірткі боз балаларымыздың қылмысқа баруына сонымен қара көз қыздарымыздың абыройына нұқсан келтіреді.

Есірткі қаншама жас отбасылардың шаңырағын ойландауға және жетім балалардың санының артуына өз әсерін тигізбей қоймайды.

Есірткіге үйір болма.Ол санаңды улайды. Бар жаныңды құл етеді.

Есірткі бар арманын мақсаттына кедергі болады.

Ең бастысы есірткі адам үшін ең қымбат мына өмірмен қоштасуына тура келеді.

Нашақорлық, есірткі бұл қоғамның ең бір күрделі әрі қиын тақырыптарының бірі.

Жастар жарқын болашақтың кепілі. Ал сол жастардың есірткіге тәуелді болуы қоғам үшін қасірет.                                                           

Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.

Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік достар!

Шайманова Жауқазын; 9 Б сынып оқушысы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,Ақтөбе ауылы  109орта мектебі  КММ      

 #УПНДПКЗО


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама