Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Сабақтың тақырыбы: «Мен сенің өмірінің жалғасымын»

Сабақтың мақсаты: Әке мен баланың арасындағы сыйластықты көрсету.
Өнерге, сұлулыққа, жинақтылыққа, ұқыптылыққа ата - анамен байланысты қамту.
Отанды қорғау отбасынан басталатындығын мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.
Әкені құрметтеуге, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.

Өту барысы: 1. Кіріспе сөз.
2. Жігіт сұлтаны
Сайыстың бөлімдері:
1 - кезең «Сәлем – сөздің анасы»
2 – кезең «Мен өнерлі жігітпін»
3 - кезең «Әке - өнері балаға»
4 - кезең «Білімді мыңды жығар»
5 - кезең « Ойтолғау»
6 – кезең « Сөздің көркі – мақал»

3 Мерекелік концерт
4. Қорытынды.

1 Кіріспе сөз.
«Әке» өлеңін арнау
Әке деген жылы сөзді
Қайталаудан жалықпа
Шуақ шашқан әке көзі
Қуат берер жаныңа
Әкең сені еркелетіп
Тәрбиелеп өсірді
Саясында сен ержетіп
Жігіт болдың келісті
Әкең сені ұлым деді
Адалдыққа үйретті
Болсын серік білім деді
Жүрегіңе гүл екті

1 - жүргізуші: Тәрбие сағатына «Қош келдіңіздер!»
2 - жүргізуші: Адалдық әр кез көксеген
Үйрендім, әке, тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем
Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам сүйсіндің
Мойныңа көптен асылмай
Сағындым, әке иісіңді
1 - жүргізуші:- Әке туралы не айтуға болады?
2 - жүргізуші: Әке - отбасының сәні
Әке – отбасының отағасы
Әке - асқар тау
Әке - қамқоршың, Әке - ақылшың,
Әке - асыраушы, Әке – тәрбиеші
1 - жүргізуші:– Па, шіркін әкелер, осылардың бәрі сіздердің бойларыңыздан табылады Бас иеміз әкелерге.

2 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Бүгін «Сұлтан» атанбақ

1-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар
Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сын алар
(әділқазыларды сайлау таныстыру)

2 - жүргізуші:«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл
Топ алдына шыққанда басын иіп
Сәлемдесу - парызы әр бір жастың
Өнерлерін паш етер жігіттермен
Сәтте келіп қ алғандай танысатын
(Жігіттерді таныстыра отырып шақыру

1 - жүргізуші:
Сайыстың 1 – кезеңі «Сәлем - сөздің анасы» (Өздерін таныстырады)

2 – жүргізуші:
Өнерлі жігіт өрге жүзер дейді
Өнерлі болса жігіттер болар сылқым
Қане жұртым көрейік «нағыз жігітті»

2 - кезең! Мен өнерлі жігітпін (Өз өнерлерін көрсету)
1 - жүргізуші:
«Әке - өнері балаға» (үй тапсырмасы бойынша)

4 - кезеңі « Білімді мыңды жығар»

5 - кезеңі Ой толғау

6 - кезеңі «Сөздің көркі – мақал!
- Осымен жігіттер сайысы аяқталды
Келесі кезек мерекелік концерт
Диананың орындауында «Әке» өлеңі
Инештің ор\да ән! Әкетайым»
Сахналық көрініс
«Менің әкем» атты шығарма бойынша марапаттау

2 - жүргізуші:Мейірім шашқан жүзіңнен
Өмірдің өзін көремін
Әкелік асыл сөзінен
Жолымды тауып келемін
Келесі ән «Әке жыры» орындайтын хор
Сөз әділ қазыларға беріледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама