Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мен соғысты жек көрем!
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы.
Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Жулдызай Султангалиевна
Тақырыбы: « Мен соғысты жек көрем! »

Мақсаты:
Оқушыларға жер шары балаларының тілегі бейбітшілік екенін ұғындырып, шығармашылық қиялын жүйелеу, танымдық қабілетін арттыру, сондай – ақ отансүйгіштікке баулып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап құрметтеуге үйретуді мақсат етіп дамыта оқытуға негізделген.
сабақтың көрнекілігіне суреттер, буклеттер, альбомдар пайдаланылды.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа психологиялық даярлық жасау.
а) Үй тапсырмасын сұрау.
ә) Ұлы Отан соғысы туралы деректер, суретпен жұмыс жүргізу.
б) Қызығушылықты ояту.
« Мен соғысты жек көрем! » өлеңін оқу (мұғалім)

Автор туралы мағлұмат.
Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. Қаз ҰУ - ды бітірген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы.

Сыныпты топқа бөлу.
1 топ: Өлеңнің мазмұнына байланысты сурет салу.
2 топ: Өлең мазмұнына байланысты мақал – мәтел ойластыру. Мағынаны ашу.
3 топ: Өлең мазмұнына байланысты шағын әңгіме құрастыру.
Өлеңді оқу. Оқи отырып түсініксіз сөздердің астын сызғызып, сөздік жұмысын жүргізу.

Дәптермен жұмыс.
Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
Ғұмыр бойы – өмір бойы.

«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісін қолдану.
Әр топ өлеңге байланысты мақал – мәтел айтады.

а)Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
ә)Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.

б) Отан үшін отқа түс – күймейсің

в)Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.

ғ) Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.

г)Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

д)Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.

Ой толғау.
«Бәрінен де қымбат» тәсілін жүргізу.
« Болжау стратегиясы »
«Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген», - деген өлең жолдарындағы ойды өрбітіп көтеру.
Оқушыларға өлең мазмұнын айтқызу.
Өзіндік жұмыс. «Бейбітшілік» тақырыбында шағын әңгіме жаздыру. Әр топтан 2 – 3 балаға жазған әңгімелерін оқыту.
Өлеңдер оқу.

Қорыту, бағалау.
Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама