Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Менің аты- жөнім
Балаларға өзінің аты - жөндерін дұрыс айта білуге үйрету. Сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Білім саласы: "Қатынас"
Оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: "Менің аты - жөнім"
Мақсаты: Әр адамның аты - жөні болуына құқылы екені жөнінде білімдерін кеңейту. Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Оқу іс - әрекет барысы:
- Балалар есім деген не?
- Қалалар мен өзен - көлдердің атауы бола ма?
- Тағы ненің атауы болады?
- Дүниеге сәби келгенде оған ат қояды, оған есімді кім таңдайды?
- Есімдер қалай таңдалады?
- Сәбиге есімді атасы немесе әжесі таңдайды. Әрбір есімнің өз мағынасы бар. Мысалы: Аружан деген есімді айдай ару, әдемі дегенді білдірсе, жан - дегеніміз адам дегенді білдіреді екен. Сол сияқты батырлардың есімдерін де қояды.
Ал, енді біз бір - біріміздің есімізді айтып танысайық.
Сенің атың кім?
- Менің атым - Дария, фамилиям - Жоламан, жасым төртте. Менің атымды нағашы атам қойған екен. Теңіз, дариядай кең пейілді болсын деп маған Дария есімді берген екен
- Ал, сенің атың кім?
- Менің атым - Ертай, жасым төртте. Менің атымды әжем қойыпты. Әкемнің артынан ерген тай болсын, тұяғы болсын депті.
(балалар өздерінің аттарын айтып танысады)
- Қалай ойлайсыңдар, адамдарды өз есімімен атаған ұнай ма?
- Балалар, адамның атын толық немесе қысқартып айтуға болады, солай ма?
- иә, еркелетіп те атайды.
Мысалы: Бексұлтанды - бикош дейміз, Айаруды - айок т.с.с.
- Енді, балалар, "Есімдер" ойынын ойнайық.
- Мен допты лақтырып, сол баланың есімін толық атаймын, қағып алған бала өз есімін айтады.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің, әкелерің қалай атайды?
(балалар үйдегі үлкендердің атағандарын айтады)
- Ботам, құлыным, жаным т.с.с еркелету сөздерін қосып атайды.
"Ойын: "Еркелетіп ата"

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама