Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Менің атым - Қожа
Мақсаты:
білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.
тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың түрі: жинақтау
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, ой қозғау.
Көрнекілігі: АКТ, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру :
Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын пысықтау:
«Менің есімімнің құпиясы» атты тренинг бойынша сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту сатысы.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Жауап: Қожа туралы
«Түртіп алу» стратегиясы
V – “білемін”
+ - “мен үшін жаңа ақпарат”
? – “мені таң қалдырады”

1924 ж Алматы облысы,
Нарынқол ауданы,
Қостөбе ауылы
Ата-анасынан ерте айырылған Бердібек Соқпақбаев
Қазақ балалар жазушысы 1950 ж “Бұлақ",“Чемпион“, ”Алыстағы ауылда”, тұңғыш жинақ “Балалық шаққа саяхат, “Өлгендер қайтып келмейді”
«Менің атым Қожа» фильмі туралы мағлұмат беру
«Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, өз басымнан кешкенді, өзім байқап –түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды». Б.Соқпақбаев

Жанр: комедия, отбасылық.
Мемлекет: Қазақстан
Шыққан жылы: 1963ж
Әңгіме авторы: Б.Соқпақпаев
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген түрлі қызық оқиғаларды басынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету.
Сергіту сәті. «Иесіне қайтар» ойыны

«Ойлан тап»
1-30 “Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”
2-30 Бұл қай сәт? “Қожа шыбыным... Сен бисмілла деші.Бисмілла деші, шыбыным...Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошымалданып жүрсің ғой деймін. Бисмілла деші.
3-30 Бұл қай сәт?

“Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”
1-40 “ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш.”
2-40 Бұл кімнің сөздері?

“Мен сенің әкеңе қарыздыкер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр”.
3-40 (суретте Сұлтанның бейнесі шығады,сол туралы әңгімелеп беру керек)
1-50 Класс жетекшісімен Қожаның қарым-қатынасы не себептен дұрыс болмады?
2-50 Бұл кім? “ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”
3-50 Қожа мен Жантасқа салыстырмалы мінездеме бер

Роль - Қожа
Аудитория - Класс
Форма - ішкі ой
Тақырып –
1-т “Жақсы бала жеткізеді мұратқа”
2-т “Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді”

Сабақты қорытындылау:
V – “білемін” + - “мен үшін жаңа ақпарат” ? – “мені таң қалдырады”
Үйге тапсырма:
“Бақытты балалық”
Ой толғау жазу.
Бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама