Менің атым Қожа
Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» Б. Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды – жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым - қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Әдісі: БҮҮ, кубизм стратегиясы, түртіп алу, бағытталған оқу стратегиялары, ой қозғау, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа (фильмінен үзінді), слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық.
Топтың ережесі жасалып, геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлу
1 - топ: Қожа тобы
2 - топ: Жантас тобы
Тренинг
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІНЕ ТҰРЫП БІР – БІРІНЕ, ЕЛІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТІН, СҮЙІСПЕНШІЛІГІН ЖЕТКІЗУ.
Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушыларды түгендеу
2) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) Кубизм стратегиясы.(Автор, тақырып аясында бірнеше қайталау сұрақтары қойылады)
1. Әңгімедегі Қаныш деген бала кім? Ол туралы не білесіңдер?
2. Қаныштың ұстазы суретті көргенде қандай ойда болды?
3. Бұл әңгіме неге «Қазына көтерген бала» деп аталады?
4. Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады?
БҮҮ стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қорытындылау
III. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
- Біз бүгінгі сабағымызда «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын жаңа бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын - жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындыларының бірі «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысасыңдар.
1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап - түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез - құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе - жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
IV. Зерттеу - ізденушілік (топтық жұмыс)
Оқушылардың шығармашылық жұмысы.(Оқушыларға «Менің атым Қожа» туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған, оқушылар ақпараты тыңдалады)
V. Ой толғаныс. (Мәтінді талдау)
1. Әңгімені мәнерлеп оқу
2. Қожа қандай оқушы?
3. Жантас мұғалім сабақ сұрағанда қандай қулық жасағысы келді?
4. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша шығармадағы Қожаның сабаққа дайындықсыз келгеніне өкінгенін сипаттаған сөздерді дәптерге жазып алу.
VI. Бағытталған оқу стратегиясы
1.»Менің атым Қожа» туралы түсірілген киноны көрдің бе, кино ұнады ма, Әңгімедегі басты кейіпкер кім?
2. Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы.
3. Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?
4. Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады, әңгімеден сол жерін тауып оқы.
Өзіңде Қожаның басында болған жағдай болды ма?
VII. Менің атым Қожа фильміндегі екі кейіпкерді салыстыр
Қожа
Жантас
VIII. Сергіту сәті.
Ерболат «Менің атым Қожа» әніне.
IX. Топтық жұмыс
Қожа тобы «Ақылды Қожа»
Жантас тобы «Тентек Қожа»
Әр топ Қожаның жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, қалай қорғайды екен? Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?
X. Тапсырма. Сауаттылықты ашатын хаттар
«Менің қиялымдағы Қожа қандай болу керек» эссе( шағын шығарма) жазу.
XI. Ойын «Пікірлер ағашы
Бердібек Соқпақбаев туралы не білесіздер?
Қандай шығармалары бар?
Қалай ойлайсыздар, кинода Қожаның әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт па, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
Әр оқушы өз ой - пікірін қысқаша жазып, тоқталып, пікірлер ағашына іліңіздер.
XII. Қорытынды:
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен.
Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!
Кері байланыс.
Үйге тапсырма: «Менің атым Қожа» әңгімесін оқу, мазмұнын айту
Бағалау.
Атырау облысы
Д. Байбосынов атындағы 13 ұлттық мектеп - гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі Есқайырова Нәзік Есқайырқызы