Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану
Сабақтың мақсаты:
білімділік – спорттық терминдердің жасалу жолдарын түсіндіру, жаңа сөздерді меңгерту, ақпараттық - коммуникативтік технологиясын қолданып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттерін арттыру;
дамытушылық - оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін, зердесін, тапқырлығын, INSERT - стратегиясы бойынша жұмыс істеу. Оқушылар түсінбеген сөздерін, сөз тіркестерін сұрайды, сөздікпен жұмыс жүргізіп, сөздік қорын молайту; сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ойларын дамыту,
тәрбиелік - спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық ойындарды дәріптеу, топта бірігіп жұмыс жасай білуге, бір - бірін тыңдай білуге, пікір алмасуға тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: аралас
Сабақтың технологиясы: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, INSERT - стратегиясы
Әдісі: синквейн әдісі, сұрақ - жауап әдісі, топпен жұмыс, ойын, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: слайдтар, үлестірме кеспелер, тоғызқұмалақ ойыны, асықтар.

Сабақ барысы:
(1мин) I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Сабақ ережесін еске түсіру: Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бір - бірімізді тыңдау
Ойымызды ашық айту
Ынтымақтылық

II Жаңа сабақ: 1. Мотивация кезеңі.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін Алматыдан жіберілген хатты оқиық.
Тыңдалым.
Сәлем хат!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің атым – Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велоспортпен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым - Төлеген ағай. Қарағанды қаласына шаңғымен сырғанаудан жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым, сенің де спортпен айналысқаның дұрыс.

Айтылым.
- Балалар, Абылай не туралы жазды?
- Дұрыс, сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды?
- Абылай спорттың қай түрлерімен шұғылданады екен?
- Ол Қарағанды қаласына не үшін барды?
- Ол нешінші орын алды?
- жаттықтырушы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын - деген сөйлемнің мағынасы неде?
- Достым, сенің де спортпен айналысқаның дұрыс – деп не айтпақшы болды?
- дұрыс, сендерді спортпен шұғылдануға шақырып отыр.

Жазылым.
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауды жазыңдар.
Оның аты – Абылай. Ол бос уақытын пайдалы өткізе.... Бос уақытта спортпен айналыса.... Қыста шаңғымен сырғанай...., коньки тебе.... Жазда футбол, волейбол ойнай.... Ол велоспортпен де айналыса.... Ол спорт үйірмесінде жүгіре..., секіре..., жаттыға.... Оның жаттықтырушысы - Төлеген ағай. Қарағанды қаласына шаңғымен сырғанаудан жарысқа барды. Ол екінші орын алды. Ол болашақта Қазақстан намысын қорғай.... Достым, сенің де спортпен айналысқаның дұрыс.

- Қандай қазақ ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Жақсы, мына менің қолымдағы нелер? (асық, тоғызқұмалақ).
- Осы ойындарға қатысты мәтіндермен жұмыс істейміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама