Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Менің бақытты отбасым
Тақырыбы: Менің бақытты отбасым
Өткізілген күні:
Мақсаты: Оқушы жанұясы мүшелерін бір - бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Қатысқандар: Ата - аналар, саны -
Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім.
Тақтаға: «Біз әкем, шешем, мен - дос, бақытты жанұямыз!» және ағаш жапырақтарына әр жанұяның толық түскен суреттер жапсырып ілінеді.
Кіріспе сөз: Қымбатты ата - аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз, отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.
І. Танысу.
Ата - аналар өздері, отбасы туралы айтып, таныстырады.
ІІ. «Мен қалаған түсім».
Қазір сіздер қобдишадан қалаған түстеріңізді таңдап, әр түске сәйкес топқа бөлінесіздер.
Қызыл түс - энергия түсі, ол адамды іс – әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сенімді, жігерлі, мінез - құлқы батыл тұлға.
Сары түс - көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар – іскер, мінез - құлқы мықты, жаратылыстану пәніне жақын.
Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.
ІІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.)
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап - таза, жап - жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі - түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі.
ІҮ. Ойын « Ата - ана мейірімі».
Ата - аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, бояп, қиып, ватманға жапсырады. Гүлдестеге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой - пікірлерін айтады.
Ү. Жағдаят.
Ата - аналар әр топқа берілген жағдаятты оқып, өз ойларын айтады.
І топқа: Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
ІІ топқа: Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?
ІІІ топқа: Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс - әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
ҮІ. Мақал - мәтел.
І топқа: Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
ІІ топқа: Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол, қызың өссе қызы үлгілімен ауылдас бол.
ІІІ топқа: Бала жас шыбық сияқты, қалай исең, солай иіледі.
Ата - аналар топ бойынша мақал - мәтелдің мағынасын өз ой - пікірлерімен ортаға салады.
ҮІІ. Жүректен жүрекке.
Ата - аналар қосылып Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші балашым» әнін шырқайды.
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,
Маңдайыңнан айналдым.
Торсық шеке, тоқ шеке,
Бақ болар деп ойладым.
Ашық жанар көңілің,
Ақ болар деп ойладым.
Қуанышым - арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара - өзіңсің,
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің,
Мен барымды аяман,
Ботқаным, сен үшін.
Тренингтің соңында балалар өздерінің жасаған жүрекшелерін ата - аналарына сыйлап, жылы тілектерін айтады.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі. – деп Абай атамыз айтқандай балаларыңыз сіздерге тек қуаныш, шаттық әкелсін!
Тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет! Отбасыларыңызда тек әрқашан бақыт болсын! Осымен тренинг

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама