Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің добым
Дамытушы орталықтар: «Қатынас, шығармашылық» білім беру саласы.
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің добым (сипаттау, әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Заттарды қарастыруда олардың түсін, пішінен, қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
Әдіс – тәсілдері: көрсету түсіндіру, сұрақ - жауап, ғажайып сәт, ойын, ән
Көрнекілігі: Ойыншықтар
Қостілді компанент:
доп - мяч
ойыншықтар – игрушки.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балаларды шеңберге тұрғызу
- Балалар, қараңдаршы біздің топта кімдер келіпті?
- Кәне бәріміз амандасайық.

- Жылда неше мезгіл бар?
- Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы?
- Көктем мезгілі туралы кім тақпақ айтады?

Бүгінгі оқу іс - әрекеті тіл дамытуды жұмбақ жасырудан бастаймын.
Шіркіннің өзіне обал - ақ
Жүреді аяқта домалап
- Дұрыс, тақырыбымыз « Менің көңілді, сыңғырлаған добым», ойыншықтар жайлы әңгіме құрастырамыз

Ғажайып сәт. Есік қағылады.
Есікті ашып көріп, қорапта сыйлық тұрады.
- Балалар, қорапты ашып көрейікші, ( ашып көру)

- Мен сендерге жұмбақтап айтамын, сендер не екенін табуға ойланыңдар.
Әр ойыншықты жұмбақтар жасырып, сипаттап айтамын.
- Қандай ойыншықтар бар екен?
Ал балалар ойыншықтарды сипаттау арқылы, әңгіме құрастырып көрейікші.
- Доптың пішіні қандай, түсі ше?
Пішіні неге ұқсайды?

Енді мына ойыншықтармен бірге допты қосып әңгіме құрастырып көрейікші. Қуыршақ бала мен қызға ат қояйық. Инабат пен Мұрагер, қоян үшеуі доппен ортаға түспек ойынын ойнады. Тағы да әңгіме құрастырып көрейікші. (балалардың әңгімесін тыңдау)

(Балалармен бірге әңгіме құрастыруға көмектесу)
- Неден жасалғанын айтамыз(басқада ойыншықтарды сипаттайды)
Балалар ойыншықтар әртүрлі болады екен. Мынау доп резеңке материалдан жасалған. Ал мына қуыршақ пен машина пластмассадан жасалса, мысық пен тікұшақ ағаштан жасалса, Қоян мен қонжық аю матадан, мақтадан жасалады. Ойыншықтар әртүрлі материалдан жасалады екен, балалар
Осы ойыншықтар жайлы кім тақпақ біледі?

Сергіту сәті. Компьютерден музыка әуенімен арнайы дайындалған сергіту қимылдарын жасаймыз.
«Орындарын тауып жинастыр» ойыны
Ш: Балаларды төрт топқа бөлу
1 - матадан жасалған жұмсақ ойыншықтар
2 - пластмассадан жасалған ойыншықтар
3 - резеңкеден жасалған ойыншықтар,
4 - ағаштан жасалған ойыншықтар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама