Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің Отаным - Қазақстан

Отаным  менің - Қазақстан,
Ыстық  қой сенің  топырағың.
Орманын, көлін,  бау-бағың,
Қастерлеген   қазағым.

Найзаның  ұшымен  қорғаған,
Халқым  менің  мықты  ғой.
Ата-бабам   әрқашан,
Салт - дәстүрін  сақтаған.

Әрбір  қазақ  батыры,
Желбіреткен  көк  туын.
Кен  байтақ жерге   қазағым,
Егін егіп, мал жайған.

Күзде  піскен  егінді,
Жинап алып ас  қылған.
Аман    болсын  ел - жұртым,
Тыныш  болсын Отаным.


Ақмола  облысы
Қорғалжын ауданы
Жантеке  ауылы.
Канатова Аружан
3-сынып оқушысы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама