Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Менің отбасым
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған орта
Мақсаты: Балаларды өзінің отбасылары, олардың мейірімділігі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талпындыру. Отбасы мүшелерінің іс - әрекеттерін баяндауға, байланыстырып сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін тудыру. Өздерін қоршаған ортадағы адамдармен, туыстарымен жақсы қарым - қатынаста болу әрекеттерін жетілдіру.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту, ойын.
Көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреті, теледидар, айна, ағаштың макеті.

- Балалар, сендер бір - бірлеріңмен доссыңдар, ендеше бәріміз «сиқырлы сөздер» ойынын ойнайық.
(Балалар бір - біріне жақсы тілектер айтады)
Теледидардан бейнеролик көрсетіледі. Бірнеше балалардың отбасы мүшелерінің жұмыс жасап жатқан сәттерінен үзінділер көрсету.
- Балалар, біз теледидардан кімдерді көрдік?
- Анамызды, әкемізді, әжемізді, атамызды, аға, тәтелерімізді көрдік.
- Дұрыс айтасыңдар, бұл адамдарды бір сөзбен жалпы қалай атаймыз?
- Отбасы мүшелері деп атаймыз.
- Теледидардан тамашалағанымызда Асланның атасы не істеп жүр?
- Қар күреп жүр.
- Ал, Назеркенің әжесі не істеп отыр?
- Көрпе тігіп отыр.
- Ал, Еркеназдың мамасы ше?
- Тамақ пісіріп жатыр.
- Ал, папаларымыз үйде не істейді?
(Әр бала өзінше жауап береді)
- Балалар, сендер үйде мама, папаларыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер?
- Үй жинаймыз, ыдыс жуамыз, шай дайындаймыз, киімімізді жинап қоямыз.
Дидактикалық ойын: «Мен кімге ұқсаймын?»
Балалар қолдарына айна алып, өздерінің кімге ұқсайтындарын айтып, мақтан етіп, үлгі тұтатын отбасы мүшелері туралы айтады.
Сергіту жаттығуы:
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Бас бармақ - әкем
Балан үйрек – анам
Ортан терек – ағам
Шылдыр шүмек – мен
Кішкене бөбек – мен
- Балалар, бізде балабақшада бір отбасымыз. Мен сендерге «Отбасы ағашын» алып келдім. Осы ағашқа әрқайсымыз өз суретімізді іліп, үлкен отбасын жасайық.
(Балалар өз суреттерін ағашқа іледі)
- Мінекей, балалар, біз де енді үлкен, тату - тәтті отбасы болуымыз керек. Бір - бірімізге қамқор болып, әрдайым көмектесіп жүруіміз керек. Сонда біздің отбасымыз берекелі де, мерекелі болмақ!
Күтілетін нәтиже: Білуі: Отбасы мүшелері туралы біледі
Меңгеруі: Сұраққа толық жауап беруді, көргендерін баяндай білуді үйренеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама