Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Құқықтану 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Менің құқығым (ойын - жарыс)

Сабақтың мақсаты:
білімділік: құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
дамытушылық: индивиттердің әлеуметтік – пайдалы тәртібін қалыптастыру, олардың өз құқықтары мен міндеттерін өмірдің әр түрлі жағдайларына қарай және пайдалана білу қабілеттерін арттыру.
тәрбиелік: еркіндік пен демократияның бағалығын ұсынған азаматтық тұрғыдан белсенді, заңды тыңдаушы, адам бостандығы мен құқығын сыйлайтын және оны қорғайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау.
Сабақтың түрі: ойын жарыс.
Көрнекілігі: «Менің құқығым» тақырыбы және «Өз құқығыңды білейік» атты бейнесі сурет салынған плакат, құжаттар: Қазақстан Республиканың Конституциясы, Балалар құқығы туралы халықаралық Конвенция, Балалар құқығы туралы Декларация.

ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ – БАРШАҒА.
Егеменді еліміздің ертеңі үшін.
Егеменді өркениетті елдің бүгінгі мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын жастардың алдағы атқарар іс - әрекеттердің түп - тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Қоғамдағы демократияландыру, құқықтық мемлекет құру бағыты жалпыға бірдей заң білімдерін беру ісін кезек күттірмейтін, алдыңғы лекке алып шықты. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы №2347 «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, оқушыларға құқықтық білім беру ісіне түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Құқықтануды бастауыш буыннан бастап оқыту мәселесі құқықтық тәрбиенің толық кешенін меңгере отырып, оқушылардың бойына құқықтық сана мен заң сыйлағыштық дәстүрді орнықтыруды мақсат етеді. Мектеп табалдырығын аттаған оқушылар құқықтану тобын құрайтын білімдерді өздерінің жас ерекшеліктеріне сай, қажетті деңгейде игеріп, Қазақстан Республикасы Конституциясының, республика аумағында қолданылып жүрген өзге де заңдарды біліп, еңбек, мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, тіл туралы, сайлау, отбасы, азаматтық, Қылмыстық кодекстердің жастар өмірі мен қызметіне қатысты қағидаларын, халықаралық құқық бастамаларымен хабардар болуы керек.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Қажығалиева Клара Жанұзаққызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама