Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мерекелік кеш ұстаздар күні
Ұстаздар күніне арналған мерекелік дастарханның сценарийі

Жүргізушілер: Гүлназ, Сакен
1 - жүргізуші: Мына отырғандар не тойға келген бе, үйлену той дейін десем, жас жұбайлар жоқ, әлде ана ағайдың 60 жас юбилейі ме екен?
2 - жүргізуші: Жоқ, таппадың.
1 - жүргізуші: Эврика, эврика бүгін сүндет той.( қуана) дұрыс па, ендеше кеттік тойды бастайық.
2 - жүргізуші: Жоқ қайдағы, саған не болған, жалданған асабамысың? ( пауза) Бүгінгі той, бүгінгі мереке - кәсіби мереке ұстаздар күні! (дауысын көтере)
1 - жүргізуші: Бүгінгі мереке мұғалімдер, тәрбиешілер, оқытушылар күні!

2 - жүргізуші: Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

ІІ жүргізуші: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

І жүргізуші: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

ІІ жүргізуші: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас - тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

І жүргізуші: Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз - кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

ІІ жүргізуші: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

І жүргізуші: Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы.
Дайындаған: Әжібаева Г

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама