Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
«Металдар» тарауын қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: «Металдар» тарауын қорытындылау
Сабақтың типі: Білім негізін пысықтап, қорытындылау
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
Әдіс - тәсілдер: ертегі, ойындар, сөзжұмбақтар, кітаппен жұмыс, жұмбақтар, қызықты мәліметтер, есептер шығару, басқа пәндермен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сөзжұмбақтар, кеспе қағаздар, кітап, интерактивті тақта, есептер жинақтары.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына көңіл аудару. Психологиялық жағдаят туғызу. «Күн, Жер және Ауа». Үй тапсырмасын сұрау. Ой қозғау сұрақтары.
ІІ кезең. Технология бойынша синектикалық бөлім. (Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру, кітаппен жұмыс)
ІІІ кезең. Сұрақтарға жауап беру.
1. Зергерлік қандай өнер? Зергерлік бұйымдарды атаңыз. Қандай металдармен жасалған.
2. Металдар туралы тарихи мәліметтер беріңіз. (Мыс, қола, темір дәуірлері. «Алтын адам», тайқазан).
ІҮ кезең. Металдар тақырыбында жұмбақтар шешу.
«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян»

Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде. (Алюминий)

Алтын менен күмісті кім білмейді.
Қолда барда қуанып кім күлмейді,
Химиктерге жақпайтын не сыры бар
Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді. (Активсіз металл)

Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)

Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама