Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мейірімділік - асыл қасиет
Қ. Рысқұлбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Карменбаева Ш. Н

ашық тәрбие сағаты 3 сынып

Тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайрымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
Көрнекі – құралдар: интер. тақта, суреттер, көрініс

1. Шаттық шеңбері
- Қуанамын менде, Қуанасың сенде.
- Қуанайық бәріміз, Арайлап атқан күнге

2. Топтарға бөлу

І топ. Қызыл түс – адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Олар кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.
ІІ топ. Сары түс – бұл түсті қалаған адам өзгерістерді жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.
ІІІ топ. Жасыл түс – бұл түсті таңдағандар айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар. Сондай - ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.

4. Бейнебаян

Кіріспе (әңгіме)
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
- Жақсы көретін жан - жануарларың бар ма?
- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

5. Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.

Мейірімді бала
Қытай жерінде біреудің затын ұрлаған кісінің қолын кесетін ескі заң бар. Бірде бір төре ұрлық жасап, кінәлі болады. Патша әлгі төренің қолын кесу туралы бұйрық береді. Сонда патшаға, төренің жас қызы әкесі үшін жауап бермекші,- деген хабар келеді. Қызды патшаға алып келеді.
- Тақсыр патшам, - дейді қыз

/ Мәтінді аяқтау тапсырылады./

өзінің қолын көрсетіп. Бұл қол да – менің жазықты болған әкемнің қолы. Бірақ бұл қолмен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, осы нашар қолды кесіп, жұмысқа жарамды, бала-шағасын асырайтын қолын әкеме қалдыруға бұйрық беріңіз.
Патша қыздың әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешіпті.

6. Суретпен жұмыс Топтарға суреттер беріледі.

1) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
3) – Айналамыздағы қоршаған орта мен құстарға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар

7. Көрініс. Әдебиеттік оқу «Азаттық жолында» мәтінінен үзінді:
- Құлыным, ұлым!
- Анам! Сорлы анам!
- Сені де көретін күн бар екен - ау!
Қарауыл: - Тездетіңдер! Уақыт аз қалды.
Уақыт аз қапты, апа! Мен үшін қайғырып, жүдеме! Нар тәуекел. Жақында қасымдағы бір жолдасым абақтыдан шығады, бәрін сол айтады.
Балам, ұлым! Жалғыз қалдым ғой, ауылда қатынасатын адам да қалмады. Жалғыздықтан әбден шаршадым.
Қарауыл: - Болды жүр, түс алдыға!
Қош, анам қош!
Ұлым! Балам! Жалғызым! (Анасы, тізерлеп отырып қалады)

8. Ән. « Жан ана»

9. Топтық жұмыс
а) Қызыл түс; «Ана» туралы мақал – мәтел
ә) Сары түс; Өлең шығару
б) Жасыл түс; Эссе жазу

10. Ойын «Мейірімділік жібі»
(Балалар бір - бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)
- Күлімдеген - күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді
- Таза мөлдір су – мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен достарым мейірімді!
- Егіні мол жер мейірімді!
- Қамқор апам мен ағам мейірімді!

- Балалар қанекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз.
Хормен: Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.
11. Қорытынды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама