Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет баруы, өзекті мәселелерден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуда көтермеуі, ғылыми - білімнің түрлі салаларында әлемдік іс - тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде... Сондықтан әр түрлі елдер мен халықтардың экономикалық көрсеткіштерін, әлеуметтік - саяси жүйесін мәдениет моделін салыстырмалы түрде оқып - үйрену қызығушылық тудырады. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс - тәжірибесін зерттеуге, олардың кемшіліктерін талдауға, озық ойлы идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз тәжірибелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы қадамдар жасауда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып табылады.

XXI ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі өзгерістерге ұшырауда. Білім беру саласы әлеуметтік инфрақұрылымның бірден - бір мәнді, динамикалық элементі болып келеді.
Қазір республикамызда білім саласында демократияландыру мен ізгілендіру жүріп жатыр. Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерістермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым - қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік білім жоспарына көшу т. б.) ұлттық менталитет, тіпті жаңаша ойлау қалыптасуда. Бұрынғы кезде тұлға бойында кездесетін жағымсыз қасиеттер нарық жағдайына байланысты қажет болуда және көпшілік, қоршаған орта оларды дұрыс қабылдауға дағдыланған, т. с. с.

Кезінде ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары арман еткен ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениетті кірістіре отырып, тәрбиелеу мәселесіне кең жол ашылды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 - ші бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек»,- деп көрсетеді.(13. 8 бап)

Қоғамдағы қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты мәдениеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізгі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болып отыр.
Елімізде білім саласында жасасып жатқан реформалардың да негізгі шешпекші түйіні – оқушыны әр пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру, әрі оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Қазіргі кезең бүкіл өркениетті дүниеде ұлттардың өзін - өзі тануы, ұлттық сананың оянуымен сипатталады. Бұл ретте табиғатынан имандылық пен ізгілікті уағыздайтын, халықтың ұлттық келбеті мен ұлттық рухын ізгілікті салт - дәстүрлерін бойына жинақтаған ана тілі мен әдебиет пәндері мектеп жүйесін жаңартудың өзегіне, негізгі қызығына айналуы тиіс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама