Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Модель және модельдеу. Модель қасиеттері, түрлері
Информатика 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу. Модель қасиеттері, түрлері
Мақсаты:
І. Білімдік: Модель, модельдедеу түсінігімен, модель қасиеттері және түрлерімен таныстыру және сипаттама беру;
ІІ. Дамытушылық: Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
ІІІ. Тәрбиелік: Танымдық қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттікке тәрбиелеу.

Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар объектінің моделі ұғымын, модельдерді кластарға бөлуді, модельдердің негізгі кезеңдерін, модельдерге мысалдар келтіре алуы керек.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жазбаша жұмыс, интерактивті тақтада жұмыс.....
Сабақтың программалық - дидактикалық қамтылуы: Оқу есептеуіш техника кешені, /слайд/ флипчарт, әр түрлі макеттер мен муляждар, сызба - нұсқалар, үлестірмелі тапсырмалар, оқулық, тәжірибелік жұмыс парағы.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
 Қайрлы күн оқушылар, ұстаздар.
 Балар сабаққа деген көңіл күйіміз жақсы ма?
 Олай болса бір – бірімізге қарап жымиып қоялық.
 Ал енді сендерді бүгінгі сабағымыздың өту алгоритмімен таныстырып кетейін (2 слайд)
 Бұл алгоритмнің қай түрінің блок сызбасы. (Сызықтық)
Өте жақсы. Сонымен

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. «ақпараттық диктант» (3 слайд)
– Әр оқушы 1 сұрақтан өзі қалаған сұрағын таңдасын. Әр жауапқа мынадай қызыл, сары, жасыл түсті жетон аласыңдар
Срақтар:
1. Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы АЛГОРИТМ деп аталады.
2. Алгоритм түрлері: СЫЗЫҚТЫҚ, ТАРМАҚТЫҚ, ЦИКЛДІК
3. Енгізу операторы дегеніміз не, жазылу пішімі қандай?
(Turbo Pascal - да берілгендерді енгізуге read - "оқу", readln (read line) -"жолды оқу" операторлары қолданылады. Енгізу операторының жалпы жазылуы:
Read (xl, х2,..., хn);
Readln(xl, x2,..., хn);)
4. Шығару операторы дегеніміз не, жазылу пішімі қандай?
Turbo Pascal - да мәліметтерді экранға шығару үшін write "жазу", writeln (write line) "жолды жазу" операторы қолданылады. Бұл операторлардың жалпы жазылуы мына түрде:
Write (yl,. y2,..., yn);
Writeln(yl, y2,..., yn);
5. Меншіктеу операторың жалпы жазылуы қандай?
Меншіктеу операторының жалпы жазылуы: айнымалы атауы:= өрнек;
Мысалы: X:= 2*Y + Z;
6. Іс – әрекеттер бірінен соң бірі қатаң түрде тізбектеле орындалатын алгоритм СЫЗЫҚТЫҚ деп аталады.
7. Іс – әрекеттердің орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді болатын алгоритм ТАРМАҚТАЛҒАН деп аталады.
8. Іс – әрекеттер бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм ЦИКЛДІК деп аталады.
9. Турбо Паскаль тілінің алфавитіне не жатады: ЛАТЫН ӘРІПТЕРІ, ЦИФРЛАР, АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАР, ТАҢБАЛАР
10. Айнымалылар типтері INTEGER, REAL
11. Айнымалылыр типі сипатталатын бөлім қалай аталады VAR
12. Математикалық өрнекті Паскаль тілінде жаз:
2*x + abs(x)
– Бәрекелді өткен тақырып бойынша біраз білімдеріңді көрсеттіңдер. Жарайсыңдар.
– Ал енді алгоритмің келесі бөлімін көшелік

ІІІ. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Модель және модельдеу. Модель қасиеттері түрлері». Дәптерімізді ашып ай – күнін сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңдар.
– Ал бұл сабақта алға қойған мақсатымыз: Модель, модельдедеу түсінігімен, модель қасиеттері және түрлерімен танысу, оларға сипаттама беру; модельдеу кезеңдермен танысу, моделдеу себебін білу.
– Сабақтың мақсаты түсінікті ме? Олай болса мені зер салып тыңдап, сабаққа бар ынта зейінімізбен қатысып отырайық.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
– Алгоритмнің үшінші кезеңіне өттік.
– Жаңа сабақты өту барысында қарастырылатын сұрақтарды мен былайша топтадым:
 Модель және модельдеу
 Модельдеу кезеңдері
 Модель түрлері
 Модельдердің қасиеттері

– Осы мәселелерге жеке – жеке тоқталайық
1 мәселе
Балар ең алдымен мына сұрақтарға жауап іздеп көрелік
– Модельге қандай нысандарды жатқызуға болады? Күнделікті тұрмыста өздерің кездестіретін нысандарға мысалдар келтіріңдер.
– Модель бұл глобус және әлем картасы.
– Жердің тартылыс күшінің формуласы.
– Мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары.
– Оларды не байланыстырады? Барлығын түпнұсқаны зерттеу мақсатында пайдаланады.
– Олай болса модель және модельдеудің анықтамасын жазып алыңдар.
– Нысанды зерттеу мына сызбадағыдай топталады. Модельдеу зерттеу барысында ортасында орналасқан.
– Неліктен нақты нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді тікелей зерттемей, модель құрып моделдеу жүргізеді?
– Түп нұсқаның болмауы
– Табиғатта жоқ (диназаврлардың жойылу теориясы)
– Түпнұсқаның жеке қасиеттерін зерттеу үшін (керегін ғана алу)
– Сонымен балар Модель және моделдеу түсінікті болды
– Енді модельдеу кезеңдері туралы талдап өтейік (24 слайд)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама