Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Модерация - топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Модерация - топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі
Жалпы мақсаттар: 1. Топтық жұмыстың жаңа әдісімен танысу, ерекшелігі мен идеясын түсіну, осы әдісті тәжірибеде пайдалану жолдарын қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Қатысушылар:
Модерация әдісін біледі
Модерация әдісін сабақта тиімді пайдалануға ұмтылады
1. Топтық жұмысты белсендендіру мақсатында модерацияны қолдана алады;
2. Жасалған жұмыс бойынша кері әрекет алуды;
Ортада жайлы әрекет орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды.
Түйінді идеялар: Модерацияәдісін қолдану арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді
1 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды ахуал қалыптастыру
«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т. б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады.. Басқаадамныңинтоннациясынқайталауғаболмайды.

5 минут ІІ. Білім алу ортасын құру
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру
2. Сабақтың мақсатын, айқындатқызу
3. Күтілетін нәтижені анықтау: Осы мақсаттан қандай нәтиже күтеміз?
- Сонымен бүгінгі коучинг сессиядан не күтесіздер?
Не үйреніп қайтасыздар?- стикерге жазып, оны оқып, корзинаға саласыздар.
Қатысушылар жауабы тыңдалады.
- Қазір сіздермен топтық жұмыстың «Модерация» деп аталатын әдісімен танысамыз.
Қысқаша түсінік беріледі.(мини – лекция)
- Бұл әдісте өз ойларыңызды немесе шешу жолдарын стикерге жазып, сол жазғандарыңыз бойынша қорытынды шығарылады. Бұл әдіс шағын топта жүзеге асады. Топ мүшелерімен ақылдасып, топпен жасалатын әдіс түрі.
Осы тәсілді меңгеру мақсатында практика түрінде жұмыс жасаймыз. Ол үшін талқыға салынатын тақырыппен танысамыз «"Үлгерімі төмен оқушыларды болдырмаудың жолдары» (интербелсенді тақтада жазылады).
5 минут ІІІ. МАҒЫНАНЫ ТҮСІНУ.
МОДЕРАЦИЯНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ(БІР ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ):
- Үлгерімі төмен оқушыларды болдырмау жолдары бар ма?- деп бәрі иә деп жауап беретіндей жетелеуші сұрақ қоямын.
Тыңдаушылардың көз алдына елестете отырып, дауыс ырғағымен айтып беремін.
Мектеп өміріндегі педагогтардың, әсіресе жас мамандардың негізгі қиындық тудыратын мәселесі - бұл үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Әрине, қанша біз тырыссақ та, бес саусақ бірдей емес деген ұғым бар. Ол шындық. Әр сыныпта жоқ дегенде 1 үлгерімі төмен оқушылар болады. Ал, үлгерімі төмен оқушылар дегеніміз кімдер? Оларға қандай оқушыларды жатқызуға болады? Үлгерімі төмен оқушыларға – ой қабілеті әлсіз дамыған, есте сақтау қабілеті төмен, өз ойын толық жеткізе алмайтын, үй тапсырмасын жиі орындамай келетін, сабаққа деген ынта - жігері төмен, жаңа материалды тез меңгере алмайтын және сабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар жатқызуға болады.
Оқушылардың сабақ үлгерімінің нашарлауы - бүгінгі күрделі мәселенің бірі. Жалпы ғылыми тұрғыдан алғанда оқушылардың сабаққа үлгермеушілік мәселесі әлі толық зерттелген жоқ. Педагог үшін ең алдымен оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себебін анықтап алу керек.

ЕНДЕШЕ, баланың тағдырында соңғы орын алмайтын мұғалім ретінде, осындай үлгерімі төмен оқушыларды болдырмаудың қандай жолдары бар деп ойлайсыздар? Ұрпақтың болашағына негізгі үлес қосатын ұстаз ретінде оларға қандай көмек көрсете аламыз деп ойлайсыздар?

Текелі қаласы,
№5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Гулбаршын Солтанқызы

Модерация - топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама