Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы)
Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы)
Конспект
14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік - шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық - Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық - Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы.
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық - Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық - Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360 - 1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371 - 1372 жылдары болған. Ол 1380 - 1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен - бұға 1433 - 1462 жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен - бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар - Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.
Конспект сұрақтар
1. Қазақ хандығының құрамына енген Моғолстанның бөлігі:
2. Жүніс ханның билік еткен жері:
3. 1433 - 1462 жылдары хандық билікте болды:
4. Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорығын жасады:
5. Ілияс Қожа қоршауға алған қала:
6. 1365 жылғы Әмір Темір мен Ілияс Қожа арасындағы шайқас:
7. Тоғылық - Темірдің сыртқы саясаттағы көздеген мақсаты:
8. Моғолстанда бір күнде ислам дінін қабылдаған адам саны:
9. Тоғылық - Темір хан болып сайланды:
10. Моғолстан хандығындағы беделді тайпа:
11. Моғолстанның аумағы туралы жазылған еңбек:
12. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды?
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама