Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Моңғолдар мемлекеттік деңгейге қалайша жетті?
«Моңғолдар мемлекеттік деңгейге қалайша жетті?»


ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Боржеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі - Меркет қызы, руы қоңырат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізу үшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізг іқарсыластарының барлығын женіп, 1203 - 1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды. 1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың – моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс - хан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс - хан империясы құрылды.

Шыңғыс - хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери - әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс - ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс - ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешегі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс - хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс - ханның алдына қойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мүдделерінен шығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу. [11]

І. «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» әдісі бойынша суреттер топтамалары арқылы сабақтың тақырыбын ашу.(Мақсаты: айтылым әрекеті арқылы сыныптың білім деңгейін анықтау)
1) Оқушыларға тақырып жайлы өзіндік ойлануға мүмкіндік беру;
2) Жұптасымен талқылауға кезек беру;
3) Осылайша екі жұптан құралған бір топ ортақ ең үздік үш ойды таңдап, сынып алдында қорғайды;

ІІ. Суретті пайдаланып «жылдам жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу. (Мақсаты: айтылым әрекеті оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелеу)
1. Суретте не бейнеленген?
2. Қандай тарихи оқиға, кезеңмен байланысты?
3. Моңғолдардың мемлекеттік деңгейге жеткендігін неден көруге болады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама