Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мөңке Темір

Мөңке Темір (Менгу Темір) — Алтын Ордада 1266-1280 жылдары билік жүргізген хан. Мөңке Темір — Тоқайдың ұлы, Бату ханның немересі. Мөңке Темір дарынды билеуші болып, Алтын Орданың одан әрі гүлденуіне мүмкіндік жасады. Ол Алтын Орданың толықтай дербес мемлекет болуына қол жеткізді. Оған дейін Алтын Орда Қарақорымдағы Ұлы қағанға бағынышты болса, Мөңке тұсынан бастап барлық істерін өздері шешетін болды. Ешкімге тәуелсіз билеуші екенін көрсету үшін Мөңке Темір өз атынан теңгелер шығара бастады. Мөңке Темір Алтын Орданы аса күшті мемлекетке айналдырды. Ел астанасы Сарай қаласы тез үлкейіп, мемлекеттің саяси, сауда, мәдени орталығына айналды. Кавказ, Қырым, Еділ, Сырдария бойындағы қалалар жедел өркендей бастады. Сирия, Египет, Батыс Еуропа елдерімен тығыз байланыс орнатты. Мөңке Темір тамағына белгісіз бір жара шығып қайтыс болған.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама