Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Морфология. Зат есімнің түрленуі
Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты: білімділік – зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
дамытушылық – жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік – оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Көрнекілігі: плакат - сызбалар, топтастыру, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сәлемдесу. Сабаққа даярлау.
2. Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.
Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Жаңа сабақ құпиясы.
3. кітап – досың, ақылшың.
4. Біліміңді байқап көр.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
1. «Қайталау – оқу анасы».
«Кубик лақтыру» ойыны. мен түрлі - түсті кубикті ортаға тастаймын. Үш қатар түстерді таңдау арқылы тапсырмаларын орындайды. Үш минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар
1 - қатар. Оқушылар бірлесіп зат есім бойынша тірек - сызбасын салады, түсіндіреді.
Зат есім

дара, күрделі
кім, не
негізгі, туынды
жалпы және жалқы деректі, дерексіз
көптеледі, септеледі, тәуелденеді

2 - қатар. Тірек сөздер арқылы жұмыс. Төмендегі плакатқа жазылған сөздер бойынша үш сөйлем құрау, зат есім болатын сөздерді белгілеу.

3 - қатар.
Бейнесөз.
1. Ұлттың аты...
2. Ел ордасы...
3. Жанша Досмұхамедұлының туған жері
4. «Кет» сөзінің антонимі
5. Сөз табы
6. Тәуелсіздік тірегі...
7. Сөздің көркі...

ІІІ. Мағынаны тану.
2. «Жаңа сабақ құпиясы».
Морфология.
Зат есімнің түрленуі.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар.
Жалғау

көптік, тәуелдік, септік, жіктік

Зат есім көптеледі, тәуелденеді, септеледі.
Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдері ғана жіктеле алады.
Мысалы: Мен бала - мын
Сен бала - сың
Сіз бала - сыз
Ол бала
Оқулықтағы көптік жалғау, тәуелдік жалғау мәліметтері, оған байланысты берілген кесте сабақта пайдаланылды.

3. «Кітап – досың, ақылшың».
Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы
1 - қатар. Берілген сөйлемнен көптік жалғауын қабылдап тұрған зат есімдерді табу.
Тіл – адамдар баласының баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлылар күшті. Ата - бабаларымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.
2 - қатар. Зат есімнің оңаша тәуелденуіне мысал келтір.
3 - қатар. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.

IV. Бекіту. Ой толғаныс.
4. «біліміңді байқап көр»
Тест
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 6 Б) 9
Ә) 7 В) 8
2. Оқушы, бала, ана сөздері қай сөз табына жатады?
А) Сан есім Б) Есімдік
Ә) Үстеу В) Зат есім
3. Жалғаудың неше түрі бар?
А) 4 Б) 5
Ә) 3 В) 2
4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле.
А) – хана,- паз,- кер
Ә) – лы,- лі,- ды,- ді,- ты,- ті
Б) – шы,- ші,- лық,- ім,- ыс
В) – дай,- дей,- тай,- тей
5. Күрделі зат есімдерді тап.
А) білім, күрек, күйші
Ә) аяқ, ауыл, бала, дала
Б) ана, қала, мектеп
В) ашудас, аяқ - табақ, ауыл - аймақ
6. Тәуелдік жалғауының оңаша, ортақ түрінің ІІІ жағының қосымшаларын көрсет
А) – ым,- ім,- м,- мыз, міз
Ә) – ңыз,- ңіз,- ыңыз, іңіз
Б) – сы,- сі,- ы,- і
В) – ң, - ың,- ің.

V. Үйге тапсырма.
Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.
Шығарма жазу. «Туған жер – тұғырың, туған тіл – қыдырың».
VI. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама