Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
MS Word мәтіндік процессоры. Құжатты құру және сақтау
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі. Құжатты құру және сақтау.
Мәңгілік ел – ұлттың ұлы мұраты.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Microsoft Word – ты іске қосуды үйрету, Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесімен таныстыру. Мәтіндік құжат құруды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың мәтіндік процессормен жұмыс істеуді үйрету арқылы ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: информатика сабағын қазақ тілмен байланыстырып оқыту арқылы оқушылардың тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу, тілдік қорларын молайту.
Сабақта қолданылатын оқыту технологиялары:сын тұрғысынан ойлау, АКТ,
Сабақтың әдісі: СТО әдістері,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес, кіріктірілген сабақ.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: компьютер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, Қазақстан Республикасы туралы слайдтар, бейнебаяндар.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
а) амандасу;
б) түгендеу;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
г) оқу құралдарының дайындығын тексеру.
Тренинг «Елімнің болашағымын».
Тренингте оқушылар туған елінің дамуына қандай өзіндік үлесін қосатынын, еліне деген махаббатын ой бөлісе отырып айтады.

ІІ Қызығушылықты ояту.
Жазу машинкаларының суреттері.
Бірінші жазу машинкасының үлгі жобасын XVI ғасырда итальяндық ғалым Ронно Цетто жасап шығарған. Қазіргі жазу машинкасының негізі сол кезде қаланды. Техникадагы бұл жаңалық осы кездегі өнертапқыштарды ойландыра бастады. Жазу техникасының жаңалығы ретінде Парижде болған дүние жүзілік көрмеде «Профессор Аркадиус» атты жазу автоматы көрсетілген. Бір қызығы «Профессор» келушілерге «ұқыпты» түрде мінездеме беретін болған,- деп жазды тарихшы - техник Иштван Чато өзінің Будапеште шыққан «Ақылды машина» деген кітабында.
1860 жылдан бастап америкалық Л. Шолес 20 жылдың ішінде 30 – ға жуық жазу машинкасының моделін жасап шығарды. Олар «Ремингтон стандарт» тағы да басқаша аттармен аталған. Европа елдерінің бірі – Испанияда — Ревизи 1887 жылдан бастап жазу машинкасының 20 жуық түрін шығара бастаған.
Жазу машинкасында әріптердің орналасуы қазіргі пернетақтадағы QWERTY орналасуына сәйкес келеді. QWERTY әріптерінің орналасуы 1878 жылға қарай пайда болған. Бұл жазу машиналарында кіші әріптер және бас әріптермен жазуға мүмкіндік туды. Кейінгілерінде Shift пернесі қосылып, пернелер саны 40, Shift пернесімен басылатын символдар саны 76 - ға жеткен.
Көптеген ақын - жазушылар алғашқы шығармаларын осы жазу машинкасын қолдана отырып небір туындылар жазған......

Тапсырма:
Жазу машинкасының қағазы мен компьютер қағазының айырмашылықтарын айту.

ІІІ Мағынаны тану.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы Жолдауы еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап берді. Ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай сыннан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
«Қазақ елінің ең басты мақсаты - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Елбасының «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі» болған деп ерекше көрсеткен. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Сондықтан да Президентіміз Қазақстанның болашағының дамуына білімді де білікті, жан - жақты жас жеткіншектерге сеніп тапсырған.
Ақпараттық технологияның қарыштап дамуына байланысты жазу машинкаларының орнын IV буындағы компьютерлер алмастыра бастады.
Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама