Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мұғалімдер арасындағы аудандық олимпиаданың жеңімпазы көлік мінді

Қызылорда облысының Арал ауданында мұғалімдер арасында биология пәнінен өткен олимпиаданың бас жүлдегері «Lada Granta» көлігін мінді. Бұл туралы облыстық «Сыр бойы» газеті жазды.

Аталмыш байқауда ІІ-орын иеленген 2 мұғалімге — 500 мың теңгеден, ІІІ-орын иеленген 2 мұғалімге 300 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. Олимпиада жүлдегерлеріне сыйлықтарды мерекелік шарада аудан әкімі Абзал Мұхимов табыстады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама