Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Сабақтың мақсаты:
1. Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу.
2. Өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байыту, ойды қозғау, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Туған жердің қасиетін сезіндіру, оқушының бойында оған деген сүйіспеншілік пен махаббатты ояту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ - жауап, суреттерді пайдалану, салыстыру жұмыстарын жүргізу, ой қорытындысын жасау.
Сабақтың түрі: Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Интерактивті тақтадан Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңінің мағынасына сәйкес табиғат көріністерін көрсету. Қ. Аманжоловтың өмір деректеріне сұрақ - жауап арқылы шолу жасау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Интерактивті тақтадан М. Мақатаевтың портретін көрсету.
ә) М. Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан мәліметтер беру.
б) Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдңрінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдердің бірі – «Сүйемін, өскен Отаным» – дей келе интерактивті тақтадан табиғат көріністерін көрсете отырып, өлеңді оқу мәнері жақсы оқушыларға оқытамын.
в) Оқушылар іштерінен өлеңді тағы да оқып шығады.
г) Балалардың алдына ағаштың суретін таратамын.

Олар ағаштың әр бұтағына М. Мақатаев өз өлеңінде нені сүйетінін жазып, толтырады.
д) Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін интерактивті тақтадағы сызбаға қарап салыстырамыз.

е) Балалар сендер осы М. Мақатаевтың өлеңдерінен нені байқадыңдар?
Балалар:
- М. Мақатаев аға дарынды ақын екендігін байқадық.
- Сөздерінің сұлулығын байқадық.
- Туған жерін өте қатты сүйетінін байқадық.
- Ойының асқақтығын байқадық.
М. Мақатаев өлеңінің соңында туған жерге қарыздармын, сондықтан да беремін талай жырымды дейді.
- Ал, сендер туған жерлеріңді сүйесіңдер ме?
- Өздерің туған жерге не берсем деп ойлайсыңдар? – деген сұрақтарға жауап алынады.
Балалар туған жер туралы өте көп мақал - мәтелдер бар. Сендер мына мақалдардың жалғасын табыңдаршы:
1. Туған елдей ел болмас,
.............
2. Кісі елінде сұлтан болғанша,
.............
3.
4.
Балалар туған жер туралы тағы қандай ақын - жазушылардың шығармаларын білесіңдер? Оларды жатқа айтатындарың бар ма? Өздерің туған жер туралы өлең жазып көрдіңдер ме? – деген сұрақтар беріледі және жауап алынады.
М. Мақатаевтың өлеңдеріне көп әндер жазылған. Соның бірі «Саржайлау» өлеңі. Сендер осы әнді тыңдай отырып, «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінің мазмұнына сәйкес сурет салып көріңдерші, - деген тапсырма беріледі.
4. Сабақ сұрақ - жауап арқылы қорытылады.
5. Үйге тапсырма:
1. «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Суретті аяқтау.
3. Өлеңдегі сөздерді пайдаланып, сөзжұмбақ құрастыру.
4. Бір шумақ өлең жазу.
6. Білімді бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама