Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты. Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны жан - жақты болуға тәрбиелеу, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Әдіс - тәсілдер: тоқа бөлу, баяндау, әңгімелеу, іздендіру.
Көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, ақын туралы естеліктер, буклет.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Түгендеу
I Үнтаспадан Мұқағали Мақатаевтың «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» әні ойналып тұрады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ол 1931 ж. 9 - шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9 -да тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8 - інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан¬да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата - әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: қан тәңірінің мұзбалағы атанған әйгілі ақиық ақ Мұқағали Мақатаев туралы толық мәлімет алу арқылы рухани тәрбие алу. өз ойынды дұрыс, анық жеткізе білу, шығармашылық қабілеттерінді жетілдіруге күш салу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама