Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мұхтар Әуезов "Қараш – қараш оқиғасы"
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов Қараш – қараш оқиғасы

Мақсаты:
1) М. Әуезов шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Бақтығұлдың іс - әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру;
2) Түсініп оқу, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру.
3) Ақыл - ой, адамгершілік тәрбиесін беру, имандылыққа, әдептілікке, жақсы қасиеттерге үйрету

Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Түрі: Дебат сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, пікірталас, ой қозғау, сөздікпен жұмыс, іздендіру
Көрнекілік: М. Әуезовтің портреті, шығармалар жинағы, бүктемелер, тірек сөздер, сызбалар.
Барысы:

І Ұйымдастыру
1 Үй тапсырмасын тексеру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қандай да болмасын көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан - жақты зерттеп, таразылап, сосын шығарма жазуға кіріседі.
3. Сөзжұмбақ шешу. (М. Әуезов деген сөзді шешеді)
- М. Әуезов кім?
- М. Әуезов - ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, әдебиет тарихшысы, білгір, шешені іскер, тапқыр, драматург, зерттеуші. (топтастыру)
4. М, Әуезов шығармаларына тоқталу.(«Еңлік - Кебек», «Абай жолы», «Көксерек», «Бүркітші», «Қорғансыздың күні» т. б )
- Енді, балалар, «Қараш - қараш» оқиғасына тоқталайық

Жоспары
1. Тектіғұлдың қазасы
2. Ағайындылардың аянышты тағдыры
3. Бақтығұлдың кек жолындағы ұрлығы
4. Сәлменнің айбары
5. Шұғыл шешім
6. Жарысбай болыстың панаыснда
7. Барымташы - Бақтығұл
8. Жарға соққан жалғыздық
9. Қараш - қараш асуында атылған оқ.

Повесть туралы оқушылардың пікірін тыңдау
-«Қараш - Қараш» оқиғасының тақырыбын ашайық.
-«Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік».
Кейіпкерлеріне тоқталсақ.
Басты кейіпкер - Бақтығұл мен інісі Тектіғұл. Қозыбақ ауылындағы байлар - ағайынды Сәт пен Сәлмен, Жарасбай болыс, Қоқыш жандайшап, Досай аулынан - Бәйтен бай, қарындасы Қалыш т. б.
Бақтығұл қандай адам? (топтастыру әдісімен )
Бақтығұл - еңбекқор, бейнеткер, адамгершілігі мол, кедей, батыл, ержүрек, әділ, жалшы, барымташы, жалғыз, кекшіл, ұзын бойлы, денелі, иықты аңғал, сенгіш адам.

Кітаппен жұмыс
Оқулықтан Бақтығұлдың Сәлмен бай, Жарасбай мен сөйлескен жерінен эпизод тауып оқу.

Пікірсайыс. Дебат үлгісі бойынша ой - талқы.
Жақтаушы топ
Резолюция: Бақтығұлдың іс - әрекеті дұрыс
Критерий: Кек қайтару - намысты қолдан бермеу
Аргументі:
1. Зорлыққа, қиянатқа қарсы тұру - әділ іс
2. Аштықтан құтылу - өмір үшін күрес.

Даттаушы топ
Контрреволюция: Бақтығұлдың іс - әрекеті дұрыс емес
Критерий: Ұрлық түбі - қорлық
Аргументі:
1. Заманың түлкі болса тазы боп шал
2. Ебін тауып тірлік жасау - өмір талабы

Талдаушыларға сұрақтар:
1. Бақтығұл ұрлық жасауға өз еркімен барды ма?
2. Бақтығұлдың бойында ұрлықшыға тән қасиет бар ма?
3. Аштықтан құтылудың ұрлықтан басқа жолы бар ма?
4. Ұрланған мал кімнің қорасын толтырды?

ІІІ Қорытынды.
Жақтаушы, даттаушы көзқарастарын, пікірлерін талдап, баға беру, мазмұнына талдау жасау.
ІҮ Рефлексия
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: «Жарға соққан жалғыздық» тақырыбына «Ой толғау» жазу.
Кейіпкерлерге талдау, әр кейіпкерге мінездеме беру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама