Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мұхтар Шаханов "Отырар"
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов, «Отырар»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Отырар» поэмасынан алған білімдерін жинақтау, қорытынды жасау
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: «Отырар» поэмасынан оқушылардың түсінігін сұрау арқылы білімдерін жүйелеу;
Тәрбиелік: Ерлік, батырлық сезімдерге деген рухын оятуға тәрбиелеу;
Дамытушылық: «Отырар» поэмасын қорытындылау арқылы танымдық біліктіліктерін дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой қозғау, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Отырар қаласынан табылған жәдігерлер суреттері, Тірек - сызба
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар! Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді?

II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Мұхтар Шаханов кім?
2. Мұхтар Шахановтың қандай шығармаларын білесің?
3. Отырар поэмасы не туралы?
4. Поэмадағы басты кейіпкерлер кімдер?
5. Отанға, елге деген құрмет қалай суреттелген?

III. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін “Отырар” поэмасынан үзінді туралы түсінігімізді жетілдірмекпіз.
І. Қызығушылықты ояту
Хадиша Шалабаеваның орындауындағы «Отырардағы той»әні тыңдалады (әні: Ш. Қалдаяқов)

ІІ. Ой қозғау
1. Қай сазгердің әніне жазылған ән деп ойлайсыздар?
2. Әннің жалпы мазмұны қандай?

ІІІ. Концептуалды кесте

IV. «Табылған олжалар»
1. Отырарды алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретіп отыр? (Шығыр)
2. Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп тіл қатты? (Сырлы ыдыстар)
3. Шыңғыс пен Шағатай тілдесуінен не ұқтыңдар? (Отырар тиындары)
4. Шыңғыстың құрметіне бөленуді ойлап, опасыздық жасаған Қарашоқыға Шыңғыс қандай баға берді? (майдан даласындағы көрініс)
5. Шыңғыстың алдына алып келген екі адам кімдер? (Құты қақпағымен)

IV. Сабақты бекіту
Биопоэма:
1. Есімі:
2. Сізді суреттейтін 3 - 4 сын есім:
3. Сіздің ең жақсы көретін нәрсеңіз:
4. Неден қорқасыз:
5. Жетістіктеріңіз:
6. Орны, мекен - жай:
7. Аты - жөні:

V. Сабақты қорытындылау
Сұрақ - жауап:
1. Отырар поэмасы нені, қалай суреттейді?
2. Отырардың қатерлі күйі жайлы не ойлайсың?
3. Мұхтар Шахановтың басқа да қандай шығармаларын білесің?

VI. Үйге тапсырма
Отырар поэмасын оқып, мазмұндау. «Даңқы асқақ Отырар» тақырыбына шығарма жазып келу.
VII. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама