Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мұхиттар
Тақырыбы: Мұхиттар сыныбы: 5 а
Мақсаты:
Білімділік: Дүниежүзілік мұхит ұғымы, оның тіршілік дүниесі, табиғат жағдайлары мен негізгі ерекшеліктеріне түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың инт - і тақта, электронды оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық жағдайы, тұщы су проблемасы негізінде экологиялық тәрбие беру

Әдісі: Сөздік (түсіндірмелі, сұрақ - жауап, эл. оқулық арқылы оқыту)
Көрнекілік: глобус, инт - і тақта, эл. оқулық, жарты шарлар картасы, фишкалар.
Барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасы:
Блиц сұрақтар
1. Гидросфера қандай қабат?
2. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?
3. Судың тұздылығы дегеніміз не?
4. Ішуге жарамды су дегеніміз не?
5. Арасан ұғымына сипаттама бер
6. Тұщы су қоры қанша?
7. Су дегеніміз не?
8. Судың 3 күйі
9. Су қалай пайда болды?
10. Адам тәулігіне қанша су жұмсайды?
11. Дүн. Ең лас теңіз?

1) Табиғаттағы су айналымы (инт - і тақта бойынша)
2) Географиялық диктант
1. Суды қыздырғанда, оның көлемі................................
2. Судың химиялық формуласы.......................................
3. Булану кезінде су........................ күйінде болады.
4. Адам сусыз................ күнге шыдайды.
5................. жердегі ең көп таралған зат.

3) « Қатесін тап»
1. Емдік сулардың шығып жатқан жері – промилле деп аталады.
2. Су сұйық күйде болмайды
3. Судың химиялық формуласы - Н2О2
4. Қарбыздың құрамында су 10%.
5. Мұздың салмағы судан ауыр.

4) Тұщы су проблемасына сипаттама бер
5) Ерте заманда суға қалай құрмет көрсетілген.

Жаңа сабақ:
Сабақ тақырыбы «мұхит жағалауы» бейне көрінісімен ашылады.
Жоспар:
1. Дүн - к мұхитқа жалпы сипаттама
2. Әр мұхиттың негізгі ерекшелігі мен табиғат жағдайы
3. Мұхит қорларын пайдалану

Мұхит - материктердің аралығында жатқан үлкен сулы алқап. Мұхит әлемінде 4 мұхит пен 75 теңіз бар. Жер бетінің 71% мұхит суы алады. Мұхит тіршілік дүниесін планктон, нектон, бентос деп бөлеміз. (бейнекөрініс «мұхит асты тіршілігі»)
Тынық мұхиты:
Ең үлкен, ең терең, ең аралдары көп мұхит. 1520 жылы Ф. Магеллан саяхат жасаған кезде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан «Тынық мұхит» деп атап кеткен. Мұхиттың көлік қатынасында ролі зор. Ең терең жері Мариан шұңғымасы - 11022м, ауданы - 180 млн км ². 1961 жылы АҚШ әскери - теңіз күштерінің «Триест» батискафы Мариан шұңқырының түбіне түсті.
Тіршілігі(эл. Оқулық бойынша)

Атлант мұхиты:

Ең ұзын, солтүстік пен оңтүстік поляр обл - н жалғастырады. Балық ресурсы мол - 40%. Жағасында халық көп қоныстанған. Ең терең жері - Пуэрто - Рико(8742).
Тіршілігі (эл. оқулық бойынша)
Үнді мұхиты:

Көлемі - 75 млн км₂. Ең жылы, ең тұзды, суы мөлдір, ең жылы, ауа райы жаңбырлы.
Қызыл теңіз - 41‰. Ең терең жері - Зонд (- 7209)
Маржандық аралдары көп.(коллекция)
Тіршілігі(эл оқулық бойынша)

Солтүстік мұзды мұхит:
(мәтінмен жұмыс 57 бет)
Мұхит қорларын пайдалану
(топтастыру)

Бекіту: «Ең ерекше» кестесі интерактивті тақта бойынша толтырылады
Бағалау: фишка арқылы
Үйге тапсырма: 21 тақырып, 1 - 4 сұрақтар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама