Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Аралбай ауылы, Жангелдин орта мектебі
химия биология пәнінің мұғалімі Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы

Сабақтың тақырыбы: Ми діңінің құрылысы. Мишық
Білімділік: Мидың адам ағзасындағы маңызы және мишықтың құрылысы мен қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың талдау, салыстыру, қорытындылау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың білік-дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарын ояту, салауатты өмір сүруге баулу
Сабақ типі: Аралас.
Іс - әрекет түрлері: топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, тест жұмыс, биологиялық диктант, тірек сызба, кестелер
Сабақтың негізгі идеясы: Оқытудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық, Талантты және дарынды балаларды оқыту

І. Ұйымдастыру кезеңі.
І. Сыныпты түгендеу.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?
- Өткен сабақта біз қандай тақырыпты оқып-үйрендік?
- Жүйке жүйесі туралы не білесіңдер?
- Үйге жүйке жүйесінің қай бөлімімен танысу берілді?
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыздар?
- Бүгінгі сабағымызды жақсы меңгеру үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз дұрыс қалай ойлайсыздар?
- Сіздер сабақты қандай жағдайда жақсы ұғасыздар мені тыңдағанда ма, жоқ әлде өздеріңіз оқығанда ма, не жұппен талқылап оқығанда ма?

ІІ. Үй тапсырмасы.
І. Қызығушылықты ояту
Өтілген материалға шолу;
Ауызша сұрақтар: ( жұппен талқылау, сосын жауап беру)
- Жүйке жүйесінің маңызы неде?
- Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады, ерекшелігі неде?
- Орталық жүйке жүйесінің қызметі неде?
- Шеткі жүйке жүйесінің ерекшелігі не?
- Вегетативті жүйке жүйесінің ерекшелігіне мысал келтіре отырып, жауап беріңіздер?
- Жұлынның қызметі қалай жүзеге асады?
- Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді?
- Жұлын зақымданса қандай өзгерістер пайда болады?
Критерий: ой толық, өз мысалымен дәлелдей алуы, ойдың қайталанбауы
Үлгірімі төмен оқушыларға берілген тапсырма: термин сөздерді жаттау;
Орталық жүйке жүйесі, Шеткі жүйке жүйесі, Жүйке түйіндері, Сұр, зат, ақ зат, Миелин, Жұлын түбірлері, Рефлекс
Талантты, дарынды оқушыларға берілген тапсырма: «Жұлынның адам ағзасы үшін маңызы» (эссе жазу)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама