- 04 қар. 2021 00:00
- 452
Нағашы, жиен, бөлеге арналған құттықтау, тілектер
О, Нағашым,
Бәйтерегім, жемісім,
Құрған өмір кілемінде желімің!
Ортақ болған шаттығым мен қайғыма,
Өзің қамқор, батагөйсің мен үшін!
Сауап, ізет нұрландырып санасын,
Әлпештеген апасын да, анасын,
Құтты болсын жасап жатқан тойыңыз,
Дана орнына дана болған нағашым!
Қоныстанып қаласын да, даласын,
Жетілдірген тоғыз ұл-қыз баласын,
Құтты болсын бүгінгі алтын тойыңыз,
Аға орнына аға болған нағашым!
Оңнан туып Күніңіз бен Айыңыз,
Тұлпар болды сіз баптаған тайыңыз.
Бар тілегі – біздей ақын жиеннің,
Құтты болсын бүгінгі нұр тойыңыз!
*** *** *** ***
Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,
Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.
Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,
Ардақты анашымның туысы деп.
Аяулы інісі деп ақ мамамның,
Сырымды саған ғана ақтарамын.
Кейде бір келіп қайтсаң, жолың түсіп,
Марқайып, мақтанамын, шаттанамын.
Бейнеңнен бір ұқсастық тапсам таныс,
Байқатпай қарай берем қалып тәріз.
Анамның қымбат жүзі түседі еске,
Көңілімнің түкпірінде жатқан алыс.
Жол қарап, келер деумен күз бе, қыс па,
Жүгірем ит үргенде түнде тысқа.
Анамды сағынғанда сені ойлап,
Өткізем алаңдаумен күнді қысқа.
Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,
Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.
Қараймын көкжиекке күнде тұрып,
Артыңда анам келе жатқандайын.
*** *** *** ***
Бөлінбейді бөлелер, тату-тәтті саналар,
Бөлінсеңдер бөрі жер, дұшпандарың табалар.
Мен нағашы білсеңдер, сендер маған жиенсің,
Жақсы болсаң жиендер, нағашыны сүйерсің,
Суығына қалтырап, ыстығына күйерсің,
Мағынасын түсінсең, бәрің ойлап білерсің.
Еңбек етсең ерінбей бақытты болып жүрерсің,
Менің айтқан ақылым, туған-туыс жақыным,
Түсінбесең сөзіме, жетпегені ақылым.
Бала-шаға, жастарым өсе берсін бақтарың,
Береке, бірлік етіңдер, көбейе берсін достарың.
*** *** *** ***
Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз
Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?!
Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз,
Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.
*** *** *** ***
Қымбат болар туған жердің ағашы да,
Әркімнің жету керек бағасына.
Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,
Бәріміз борыштымыз нағашыға!
*** *** *** ***
Алыс ауыл арасын
Жақын қылған нағашым,
Ақ көңілді баласын
Ақын қылған нағашым,
Нағашымның жаңасын
Іздесең қайдан табасың?
*** *** *** ***
Жиенге
Өсіп-өнер жұртыма,
Өріс болған жиенім.
Айқасқанда жауымен,
Жеңісті алған жиенім.
Елдігін де білемін,
Кеңдігін де білемін,
Тайма осы қалпыңнан
Өзіңе айтар тілегім.
*** *** *** ***
ЖИЕНДЕРІМ,
Тойыңа арнап мен келдім,
Қыз дегенің – жат жұрттық,
адамы деп өзге елдің.
Армысыңдар, жиналған жұрттары апамның,
Қалып кеткен көздері менің асыл жездемнің.
Ата дәстүр бойынша сатпайды қыз сүйгенін,
Апам үшін мақтанам – жақсы болды жиенім!
Құтты болсын тойларың .......... әулеті,
Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін.
Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы,
Апам, жездем арманын өздеріңе ұлады!
Тойға ұлыссын тойларың – ту қадаңдар биікке,
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.