Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Нарық не нәрсесіз әрекет ете алмайды
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы.
№55 С.Қожанов атындағы орта мектептің экономика
пәні мұғалімі Мырзашова Шакизат

Сабақтың тақырыбы: Нарық не нәрсесіз әрекет ете алмайды?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға нарық туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тілдік, сөздік қорларын қалыптастыра отырып, саяси саналылыққа, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру
Тәрбиелігі: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерге баули отырып, алға қойған мақсаттарына жетуде табанды болуға, азаматтылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Қызығушылықты ояту
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Экономикалық мағыналы сөз шығуы үшін әріптердің орнын ауыстыр:
ӘСБЕЕК_______________
ПАМНИКОЯ___________
ӘКІСРЕККІЛГІ__________
Ойлан, сұрақтарға жауап бер
Сенің үйіңде тұрған телевизорды қай компания шығарды?
Керегін сыз.
Sony -------------Panasonic
LG ----------------Phillips
Daewoo --------Басқа фирма
Әртүрлі фирмалардың телевизорлары бір-бірінен немен ерекшеленеді?
• Сенің қандай телевизор алғың келеді?
• Телевизор сатып алуда сенің таңдауыңа не әсер етеді? Қажеттісін сыз.
• Тауарды сатып алуға әсер ететін факторлар.
• Пайдаланылған материалдар сапасы
• Өндіріс технологиясы
• Техникалық сипаттамасы
• Телевизордың сыртқы түрі (дизайны)
• Жарнама
• Достарыңның пікірі
• Баға
• Тұтынушы бәсекеде ұта ма? Неге?
Экономикалық кроссворд құра!
Көлденеңінен бос торларға экономикалық мағыналы сөздерді жаз, олардың мағынасын түсіндір.
БӘСЕКЕ
Көшедегі автобус кімдікі?

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Логикалық тапсырма. Ағайынды Әлібек пен Әлиханның бір- бір табын жылқысы бар. Әлібектің табынының жартысы Әлихан табынының үштен біріне тең. Қайсысы байырық және неше есеге?

ІV. Үйге Экономикалық терминдерді қайталау.
V. Сабақты қорытындылау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама