Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 1В Натурал сандардың бөлінгіштігі
5 сынып
Тақырыбы: 5. 1. 2. 5 Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Оқу мақсаты 5. 1. 2. 5 Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Оқушылардың басым бөлігі: сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін есеп шығаруда қолдана алады
Кейбір оқушылар: 10 - ға бөлінетін сандардың 2 - ге де, 5 - ке де бөлінетіндігін біледі; қосылғыштардың, көбейткіштердің жазылулары бойынша 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, мәнін таба біледі
Ойлау деңгейлері
Білу
Түсіну
Қолдану
Жинақтау
Бағалау критерийлері
Оқушы:
*Қандай цифрлар жұп цифрлар екенін біледі;
* Қандай цифрлар тақ цифрлар екенін біледі;
*Жұп сандар мен тақ сандарды ажырата алады, мысал келтіре алады;
*Бөлінгіштік белгісінің ережесін біледі
*2 - ге қандай сандар бөлінетінін біледі;
*5 - ке қандай сандар бөлінетінін біледі;
*10 - ға қандай сандар бөлінетінін біледі;
* Ауызша есептеу жүргізе алады және есептеудің дұрыстығын тексере алады.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
санның цифрлар арқылы жазылатынын біледі, жұп және тақ сандарды оқып, тани алады, санның бөлгіштері мен еселіктері, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Лексика мен терминология: Жұп цифр, тақ цифр, жұп сан, тақ сан
- егер сан... цифрымен аяқталса, онда ол... бөлінеді;
Құндылықтарды дарыту: Оқушы ынтымақтастық ортада, ұйымдаса отырып жұмыс жасайды, өзгенің көзқарасына құрметпен қарауға үйренеді, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта, слайд, постер
Бастапқы білім Натурал сандар, нөл саны, натурал санның бөлгіштері, натурал санның еселіктері, жай сан, құрама сан

Сабақтың басы
Топқа бөлу: оқушылар 2, 5, 10 сандардың біреуін таңдау арқылы топқа бөлінеді.
№1.«Сен маған - мен саған» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексеріледі
Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары: (4 мин)
1. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
2. Қандай сандар еселік сандар деп аталады?
3. 22 санының бөлгіштерін атаңыз?
4. 5 санына еселік сандарды атаңыз.
5. 254, 540, 321, 80, 610 сандарының қайсысы 10 - ға бөлінеді?

Сарыжаз орта мектебі
Көзімбаева Жамал Әубәкірқызы

Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері. жүктеу
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама