Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Натурал сандардың бөлінгіштігі
Сынып: 5 - сынып
Сабақ тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу
Натурал сандардың бөлгіштерін табу
Натурал сандардың еселіктерін табу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамаларын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табады.
Кейбір оқушылар: Ережелерге сәйкес ізденісті қажет ететін есептерді шығара алады.
Бағалау критерийлері Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамасын біледі.
Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады.
Натурал сандардың еселіктерін таба алады.
Тілдік мақсаттар: Пәнге тән лексика мен терминология:
Бөлгіштер - разделители - delimiters, еселіктер - кратные - multiples
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады
Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші...
Кез келген натурал санның ең кіші еселігі...
Пән аралық байланыстар: Жаратылыстану
Бастапқы білім: Натурал сандар

Сабақтың басы
Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренинг жүргіземін.
Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын
(Ұ) «Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып сұрақтар қою арқылы натурал санның бөлгіштері мен еселіктері ұғымын өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін
1. Қандай сандар натурал сандар деп аталады?
2. Нөл саны натурал сан бола ма?
3. Ең үлкен санды атауға бола ма?
4 1ден бастап 20 ны қоса алғандағы натурал сандар жазылған кесте құрыңдар
5. Осы кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер (1, 2, 4, 5, 10, 20)
6. 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар(5, 10, 20, 25, 30...)
Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын
«Мозайка» әдісін пайдаланып сыныпты 3 топқа топқа бөлемін.

Сабақтың ортасы
(Тж) Жаңа білімді қалыптастыру
Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды
Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады
(Тж)
« Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін пайдаланып оқулықтан №561есепті топта шығарады, талдайды
1) 9, 14, 32, 37, 45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар
Дескриптор
1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болатынын жазады
9 саны қалдықсыз бөлінетін натурал сандарды анықтайды
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзі болатындығын жазады

2) 8, 11, 15, 25, 40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар
Дескриптор
8 санының ең кіші еселігі сол санның өзіне тең екендігін жазады
8 санын 2-ге көбейтеді
8 санын 3-ке көбейтеді
8 санын 4-ке көбейтеді

Топтарды қалыптастырушы бағалау тәсілі «бағдаршам» арқылы бағалаймын
(Жж) Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі «Конверттегі сұрақ» әдісі
1 - тапсырма.
Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар
5 және 45, 9 және71, 8 және34, 16 және 80, 17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115
Б.Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі КММ
Математика пәні мұғалімі Тілеулиев Ш. А.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама