Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері тақырыбына есептер шығарып білу
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, әрбір оқушының талдау, салыстыру, жалпылау интеллектуалдық біліктерін қалыптастыру
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге, белсенділікке, қарым - қатынас мәдениетіне, ұжымдық жұмыс істей білуге үйрету
Сабақтың типі: материалды бекіту
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы жеке - топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, үш деңгейлі тапсырмасы бар парақ,
жауап үлгілері, жетондар

Сабақтың жүру барысы: 1. ұйымдастыру
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсат - міндеттері туралы айтып,
таныстырады.

2. Есептер шығару
Әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмасы жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдаған соң оқушылар 1 - тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қол көтереді. Мұғалім оған дайын жауап үлгісін көрсетеді. Өз есебін дұрыс үлгімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, 2 - есепті шығаруға кіріседі. Аяқтаған соң тағы да өзін - өзі осылай тексереді. Одан кейін 3 - тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез - келген деңгей тапсырмасын 1 - ші орындауға құқылы. Мұғалім тек 6 есеп дайындайды.(1 - ші және 2 - ші нұсқаларға арнап 3 деңгейден 3 есептен жеке - жеке парақтарда) Оларға жауап үлгілері дайындалады. Содан кейін осы материал сынып оқушыларының санына қарай көбейтіледі.
Экранда (тақтада) бағалау өлшеуіштері тұрады:«5» бағасы – есеп қатесіз шығарылған «4» бағасы – 1 - 2 қате «3» бағасы – 3 қате
А деңгей. Тақырып бойынша алған ақпаратты қолданып, беріп білулері керек.
1. 5, 9, 15, 21, 24, 50, 60 сандарынан 120 - санының бөлгіштерін теріп жаз.
2. Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жаз:
5 және 45; 8 және 34; 17 және 51; 12 және 60;
9 және 71; 16 және 80; 4 және 63; 23 және 115
3. а) 9 және 12 сандарына
ә) 15 және 21 сандарына еселік болатын ең кіші натурал санды жаз:
4. Мәнін тап: а ) 32+56 қосындысының 8 - ге бөліндісінің
ә) 125+75 қосындысының 25 - ке бөліндісінің

5. Бөліндінің мәнін тап: 32х: 8 = ------- 60у: 12 = -------- 140m: 35=
Үлгі: 28х: 4= (28: 4) x = 7 x
5. 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінетін сандарды бөлек жолдарға теріп жаз:
6. 144, 173, 184, 278, 391, 415, 520, 997, 990, 646, 825, 975
7. 3 - ке бөлінетін сандарды теріп жаз: 288, 333, 444, 9468, 507, 7839, 765, 781
8. 9 - ға бөлінетін сандарды теріп жаз: 81; 818; 8181; 81818

В деңгей. Берілген ақпаратты қолдана және талдай білуі керек.
1. а) 45 - ке бөлгіш және 5 - ке еселік
ә) 120 - ға бөлгіш және 30 - ға еселік санды жаз.
2. а) 543+84 қосындысы 5, 4, 3 сандарының
ә) 72+132 қосындысы 9, 8, 12 сандарының қайсысына бөлінеді?
3. 0, 3, 4, 5 цифрларын 1 рет қана пайдаланып,
а) 2 - ге бөлінетін
ә) 5 - ке бөлінетін
б) 10 - ға бөлінетін
в) 2 - ге бөлінбейтін екі таңбалы сандарды жаз.
4. Қосылғыштардың жазылулары бойынша а) 15+12+21 ә) 21+42+81 қосындысынан 3 - ке бөлінетіндерін таңдап алып, 3 - ке бөліп, бөліндіні тап:

С деңгей. 1. а) а санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, а ------------ а қандай сан?
ә) в санының бөлгіштері: 1, 3, 5, 15, 25, в ----------- в қандай сан?
2. Дәлелде: 455 саны 35 - ке бөлінеді, ал 35 саны 7 - ге бөлінеді, онда 455 саны 7 - ге бөлінетінін.

Үлгі: 585 саны 45 - ке бөлінеді, ал 45 саны 9 - ға бөлінеді, онда 585 саны 9 - ға бөлінеді, себебі 585 =45*13= (9*5)*13= 9*(5*13) =9*65
3. Дәлелде: (мысалдармен) тізбектес екі тақ санның қосындысының 2 - ге бөлінетіндігін.
Бағалау парағы
№ оқушы аты - жөні А деңгей В деңгей С деңгей қорытынды баға

3. Сабақты қорытындылау
4. Оқушыларды бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама