Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ ІІ модуль.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерін саралау, білім сапасын анықтау. Сауатты жазу, көркем жазу, сұрақтарға дұрыс жауап бере білуді үйрету
Дамытушылық: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Өтілген материалдарды пысықтау, бекіту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Тест сұрақтарына жауап беру
Пән аралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

ІҮ. Жаңа сабақты қалыптастыру:

№2 нәтиже сабақ

1. Тақырып бойынша өз ойыңды жаз:
I нұсқа. Тіл туралы Заңның 4 - бабында не туралы жазылған?
II нұсқа. Сөздік түрлерін ата, орфографиялық сөздік туралы әңгімеле
III нұсқа. Қандай сөздік түсіндірмелі сөздік деп аталады?
IV нұсқа. Синонимдер, фразеологиялық сөздіктер туралы әңгімеле
2. Сөздердің мағынасын анықтаңдар:
I нұска. Бауыр, бас, жүз
II нұсқа. Қара, ат, ер
III нұска. Күй, жарық, би
IV нұсқа. Қыс, ара, аш
3. Буын үндестігіне бағынбайтын мына қосымшалармен сөз жазып, сөйлем құрастырыңдар:
I нұсқа. - қор -, - дікі, - нікі, кеш
II нұсқа. - қой, - паз, - хана -
III нұсқа. - кеш,- паз,- кер
IV нұсқа. - хана,- тікі,- гер
4. Берілген сөздерді септеңдер (жай септеу, тәуелді септеу):
I нұска. Мұғалім, бала
II нұска. Жүрек, кітапхана
Ш нұсқа. Оқулық, тәрбиеші
IV нұсқа. Кітап, Отан
5. Берілген зат есімді жекеше, көпше түрде жікте:
I нұсқа. Суретші, дәрігер
II нұсқа. Құрылысшы, сәулетші Ш нұсқа. Ұшқыш, ғалым
IV нұсқа. Жазушы, оқушы
6. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелде:
I нұсқа. Ақыл, дауыс
II нұсқа. Шаңырақ, ел
Ш нұсқа. Еңбек, көрме
IV нұсқа. Мектеп, орын
Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама