Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Наурыз мерекесі
Сынып: 4 Б
Пән: қазақ тілі
Тақырыбы: Наурыз мерекесі.
Мақсаты: 1. Білімдерін жетілдіру, сөз қорын байыту.
2. Қазақша ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту.
3. Мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй жұмысын тексеру:
«Мені жалғастыр» ойыны.
Мақал - мәтелді жалғастыру.
Ананың көңілі – балада,
Баланың көңілі - далада.
****
Ағайын – алтау, ана – біреу.
*****
Ердің анасы – елдің анасы.

3. Жаңа сабақ:
1 - кезең: Сөздікпен танысу.
Үндестігін – гармонию
Теңеледі – равняется. (день равноденствия)
Бұлақ – родник
Ұлы – великий
Ұлыс – народ

2 - кезең: Мәтінмен танысу. Кітаппен жұмыс. 1 тапсырма.
Наурыз – жыл басы. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз мейрамы – Ұлыстың ұлы күні.
22 Наурызда күн мен түн теңеледі. Халық мерекеге дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, ағаш отырғызылды. Әжелер, аналар дәмді тағамдар пісіреді. Дастарқанның басты тағамы – наурыз көже. Мерекеде жастар ән салады, би билейді. Үлкен кісілер бата береді. Наурыз көженің дайындалуы. Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен дайындалады.
Олар: бидай, тары, күріш, ет, сүт, құрт, май
Ұлттық тағамдар.
Олар мыналар: Қымыз, шұжық, құрт, ет, бауырсақ, ірімшік, айран, тоқаш.
Ұлттық ойындар: «Қыз қуу», «Асық ойнау, Арқан тарту

3 - кезең: Жаттығу жұмыстар орындау.
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңдар.
Мереке лар, лер
Тоқаш дар, дер
Тағам тар, тер
3 - жаттығу.
Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жаз.

4-кезең: Сергіту.
Мына сөздерді септеңдер.
Наурыз, тағам.
Тақтада бірнеше сөздер берілген, сол сөздерді жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бір бағанға, ал жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бағанға жазыңдар.
қымыз шұжық
құрт ет
бауырсақ ірімшік айран тоқаш

4 Бекіту:
«Мақал қуаласпақ» ойыны.
Мақал – мәтелді жалғастыру.
Наурыздан соң қыс болса,
Мизамнан соң жаз болмас.
****
Нан негізі – дән.
****
Наурыз – жыл басы, айдың аты.

Жұмбақты шеш
Тіреусіз күмбез, Бір күнде үш байиды, үш жұтайды.
Сылақсыз қабырға, (……)

Тұтқасыз есік,
Іргетассыз ғимарат.
(……)

Бір құрсақты,
Екі құлақты,
Он екі белбеуі,
Бір түймелі,
Екі желілі,
Күйдің көркі,
Әннің көлігі. (……)

Жұмбақтың шешуі.
(киіз үй, домбыра, дастарқан)

Қортынды:
«Біліміңді байқап көр»
1. Наурыз қандай мереке?
2. Дастарқанның басты тағамы не?
3. Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады?
4. Мерекеде жастар не істейді?
5. Қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
Үй тапсырмасы
4 – жаттығу. «Наурыз» өлеңді жатта.
Сабаққа рақмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама