Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы,
Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Иманова Гулсим

Тақырыбы: Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Мақсаты:
Білімділік: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту.
Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жазба жұмыстары арқылы сауатты жазуға үйрету).
Оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік:
Ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Наурыз тойының мәнін түсіндіру. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, әңгіме, ойын, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, өзін - өзі тану, бейнелеу.

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық
III. Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз
Бәрін білуге ұмтыламыз
IV. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту
Сандарды кері сана

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
З ы у н а р
1 2 4 6 5 3

Н а у р ы з
6 5 4 3 2 1

V. Көктем мезгілі
VІ. Үй тапсырмасы

“Наурыз көже”
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Наурыз көже қалай жасалатынын біліп келу

VIІ. Жаңа сабақ.
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
НАУРЫЗ - жыл басы, ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан - жануарлар, өсімдік дүниесі, күллі тіршілік әлемі жан алып, қайта түлейтін Табиғат мерекесі.

“Наурыз тойы “ өлеңді мәнерлеп оқу
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді – салтымыз:
“Көгерсін!” деп халқымыз
Көшеге тал егеді
Ә. Табылды

Ереже
Не істейді? Не қылды? Қайтті?
Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді.

VIIІ. Оқулықпен жұмыс

114 – жаттығу
1. Сұрақтың орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ұста қашаумен (не істеді?).
Сылақшы қалақпен (не істеді?).
Кранмен жүкті (не істеді?).
Керекті сөздер: қашады, сылады, көтерді.
2. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.
IХ. Сергіту сәті.

Х. Сәйкестендіру

Түйе боздайды
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Сиыр кісінейді

ХІ. “ Ойлан ортаға сал”

ХІІ. Сабақты қорыту
“Ұйқасын тап” ойын
1. Арба сықырлап жүрді.
Ит арсылдап...
2. Мен мектепке барамын
Кілең... аламын
3. Жаз жайлауға барайық
Шырқап әнге...
4. Қызыл гүлдер жинаймын,
Анама әкеп...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама