Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Наурыз - ұлттық мейрам. Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Наурыз - ұлттық мейрам. Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқының Жаңа жылы, ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы кеңінен мағлұмат беру. Етістіктің шақтарын қайталай отырып, практикалық жолмен меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға наурыз мейрамының ерекшелігін түсіндіре отырып, елжандылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін, өнерін, тарихын қастерлеуге тәрбиелеу;
Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
Наурыз мейрамы, етістіктің шақтарын қайталай отырып, сабақты бүгінгі өмірмен байланыстыру;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, топтық жұмыс;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, суреттер, грамматикалық кесте, топшамалар
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

Ұйымдастыру бөлімі:
I Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.
Алтын қақпа ашылып,
Наурыз келді, жыл келді!
Жылмен бірге жыр келді,
Жер бусанып, құс келіп,
Жеріме әсем нұр берді!

II Үй тапсырмасын тексеру: Біліміңді тексер
1. Біз қандай бөлімді өтіп жатырмыз?
2. Көктемде қазақ елі қандай мерекелерді тойлайды?
3. Мейрамда сендер не істейсіңдер, қалай өткізесіңдер?
4. Ең жақсы көретін мейрамдарың туралы не айтасыңдар?
(Етістіктерді үш шақта осы шақ, өткен шақ, келер шақта жазу)
Сыныпты 3 топқа бөлу (осы шақ, өткен шақ, келер шақ)

III Жаңа сабақ:
Сабақ тақырыбы хабарланып, мақсаты айтылады.
Наурыз - ұлттық мейрам. Етістіктің шақтарын қайталау.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Интерактивті тақтадан слайд материалдарын көрсету)
2. Мәтінмен жұмыс

Жаңа сөздермен таныстыру:
Ұлы - великий
Ұлыс - народ
Теңелу - равноденствие
Дәстүр - традиция
Ерекше - особый
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, мысал келтіру.
2. Синонимдерін табу(ұлыс - халық, ел; ерекше - айрықша, т. б.)
3. Сөз тіркесі, сөйлем құрастыру.

Мәтінмен жұмыс
Наурыз - ұлттық мейрам
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні, мейрам.
Наурыз - жылдың басы әрі көктемнің бірінші айы. Парсының «нау»- жаңа, «ру»- күн, яғни «Жаңа күн» деген сөзінен шыққан.
Наурыз тойын тойлаудың дәстүрі бар. Бұл күні наурыз көже пісіріледі. Қазақ халқы наурыз мейрамында ән шырқайды, күй тартады, балуан күрестіреді, ойын - сауық өткізеді.
Бұл мереке қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Қар ериді, көк шығады, күн мен түн теңеледі. Жаңа жылды адамдар қуанышпен қарсы алады.
Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке берсін!», «Ұлыс бақытты болсын!» деп бірін - бірі құттықтайды.
Наурыз - халықтық мейрам.

IV Топтық жұмыс
1 - топ Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын сол жоспар арқылы айтып беріңдер;
2 - топ Мәтіннен тілектерді теріп жазыңдар. Мына сұраққа жауап беріңдер.
Наурыз күнін халық қалай қарсы алады?
3 - топ Етістіктерді теріп жазып, үш шақта айтыңдар.
V Тапсырмалар
1. Мәтінде берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдыр.
шырқайды -
шығады -
тартады -
өткізеді -
алады -
теңеледі -

2. «Шақтарын тап» ойыны
1) Өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жаз.
2) Осы шақта тұрған етістіктерді теріп жаз.
3) Келер шақта тұрған етістіктерді теріп жаз.
3. Тұйық етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңдер.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Жүрек деген не үшін керек?
- Жаулардан қорықпау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың?
- Шетте жүрсем туған жерге қайту үшін.

VI Бекіту:
1. Топтастыру арқылы ( Наурыз мейрамы)
2. Бес жолдық өлең ( көктем, наурыз, мейрам)
1 зат есім ------- Наурыз
2 сын есім ------ шуақты, мерекелі
3 етістік --------- жылынады, ериді, күн мен түн теңеледі
Сөйлем --------- Наурыз - көктемнің бірінші айы
Синоним ------- Жаңа күн
1. Сұрақ - жауап арқылы
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда нені білдік, неге үйрендік?
- Жаңа жылда қандай тілектер айтасыңдар? ( оқушылар тілектерін айтады, наурыз батасын береді)
VII Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту; жаңа сөздерді жаттау; наурыз баталарын табу.
VIII Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама